Өзбекстанда «Қазақстан мұнайынан әуеотын өндірілді» деген ақпарат жалған

Фото: сайт АО НК «КМГ»
Энергетика министрлігі Ферғана мұнай өңдеу зауытында (Өзбекстан) авиаотын өндірісі «ҚазТрансОйл» АҚ жеткізетін мұнай есебінен жүзеге асырылып жатыр деген ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды, деп хабарлайды nofake.kz/.
БАҚ-та тараған «ҚазТрансОйл» Ферғана мұнай өңдеу зауытына мұнай жеткізуді бастап кетті деген мәліметтер шындыққа сәйкес келмейді.
«Қазіргі таңда «ҚазТрансОйл» магистральдық мұнай құбырлары жүйесі арқылы Ферғана МӨЗ бағытына мұнай тасымалданбайды. Осыған байланысты аталған кәсіпорында авиаотын өндірісінің іске қосылуы Қазақстаннан жеткізілген шикізатпен байланысты емес», — делінген ресми мәлімдемеде.
Министрлік БАҚ пен қоғам өкілдерін тек ресми дереккөздерге сүйенуге шақырды.


