NoFake

Министр Каспий теңізі күкірттен «қайнап кетеді» деген қауесетке жауап берді

Фото: NoFake.kz

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Каспий теңізінің «қайнап кетуі» туралы әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерге жауап берді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Министр әсіресе «күкірттің әсерінен Каспий теңізі қайнап, құрғап кетуі мүмкін» деген болжамдардың ешқандай қисынға сыймайтынын кесіп айтты.

 «Бұл — өтірік (блеф) деп нық сеніммен айта аламын. Бұл кезекті бір сандырақ ой. Теңізді қайнатып, құрғатып жіберу үшін қандай әсер болуы керектігін түсінесіздер ме? Сондықтан бұл мүмкін емес. Каспий теңізін құрғату еш мүмкін емес», — деді Ерлан Нысанбаев.

Сондай-ақ, ол кен орындарындағы қалыпты жұмыс режимінде күкіртсутегінің деңгейі бақылауда екенін және табиғи факторлардың қорғаныс қызметін атқаратынын атап өтті.

«Табиғат-ана өз жұмысын істеп жатыр, мұндай жағдайларда жел режимі жақсы көмектеседі, сондықтан ондай қауіп жоқ», — деді экология министрі.

Айта кетейік, теңізді «қайнатып жіберу» физикалық тұрғыдан мүмкін емес, сондықтан мұндай ақпарат негізсіз деп танылады.

Оқу үшін