NoFake

Күнделіктегі оқушылардың жеке деректері тарап жатқаны рас па

ннн

фото: lk.expert

Әлеуметтік желіде Қазақстандағы оқушылардың «Kundelik» электрондық журналы жүйесіндегі жеке мәліметтері ашық қолданысқа шыққаны хабарланды. Тараған ақпаратта балалардың аты-жөні, туған күні, мектептері мен сыныптары көрсетілгені жазылған, деп хабарлайды nofake.kz/.

Сенат кулуарында журналистер аталған жағдайға қатысты Жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунға сауал қойды. Виц-министрдің сөзінше, жауапты мекемеге ешқандай шағым түспеген.

«Біз әзірше ештеңе білмейміз. Қажет тексеріс жүреді, содан кейін ғана ресми жауап береміз», – деді Мун Сенат кулуарында.

Айта кетейік, «Kundelik» электрондық журналы – Қазақстандағы мектептерде оқушылардың оқу процесін цифрлық жолмен басқаруға арналған негізгі платформа. Бұл жүйе оқушылардың бағаларын, сабақ кестесін, сынып жұмысын, хабарламаларды және басқа да оқу мәліметтерін сақтайды. Соңғы жылдары жүйе білім беру саласын цифрландырудың негізгі құралдарының біріне айналды және оқушылар, мұғалімдер мен ата-аналар үшін ыңғайлы ақпарат алмасу ортасы ретінде кеңінен қолданылып келеді.

Оқу үшін