NoFake

Көлік нөміріне байланысты ХҚКО-ларда жаппай кезекке жауап берілді

20250321090436195 big

Фото: Gov.kz

Республика бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтары еш ақаусыз, қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды nofake.kz/.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қазақстандықтар автокөлікке арналған мемлекеттік нөмірдің сериясы мен санын өз қалауы бойынша таңдай алады. Осыған байланысты елдегі барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында таңғы бестен бастап адамдардың жаппай кезекте тұрған видеолары әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.

Снимок экрана 2026 01 05
Скрин видеодан

Осы жағдайға байланысты nofake.kz/ тілшісі «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметіне хабарласты. Ресми өкілдің мәлімдеуінше, мекемелер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

«Мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін еркін таңдау мүмкіндігін көздейтін норманың енгізілуі туралы ақпараттың таралуына байланысты бүгін еліміздің көптеген өңірлерінде арнайы ХҚКО-ларда қызмет алушылар санының артуы байқалуда. Айта кетейік, барлық арнайы ХҚКО-лар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр. Азаматтарға қызмет көрсету әдеттегі тәртіппен жүзеге асырылуда, ақпараттық жүйелердің жұмысында техникалық ақаулар тіркелген жоқ», – делінген ресми хабарламада.

Айта кетейік, бүгін Отбасы банк қосымшасы мен enpf-otbasy порталы істен шықты. Аталған жағдайға қатысты банк өкілдері ресми түсінік берді.

Оқу үшін