NoFake

Григорий Лепстің атынан тараған Қазақстанға қатысты видео-дипфейк

Фото: depositphotos

Ресейлік әнші Григорий Лепс трэдс желісіндегі ресми парақшасында Қазақстанға қатысты тарап жатқан видеоның жалған екенін мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.

Өнер иесінің айтуынша, әлеуметтік желілерде тараған жазба жасанды интеллектінің көмегімен жасалған және оның шынайы мәлімдемесі емес.

Скрин әлеуметтік желіден

«Қазақстан! Назарларыңызды аударамын: бұл видео – жасанды интеллект арқылы жасалған фейк. Түпнұсқа видео мамыр айының соңында жарияланған және жаңа альбомымның шығуына арналған. Мен ешқашан мұндай саяси мәлімдемелер жасаған емеспін және жасауды да жоспарламаймын», – деді әнші.

Осылайша Григорий Лепс өзінің атынан таралған саяси сипаттағы видеоның шындыққа жанаспайтынын ресми түрде жоққа шығарды.

Дипфейк деген не?

Дипфейк – жасанды интеллекттің көмегімен жасалған жалған видео, аудио немесе сурет. Нейрожелілер адамның дауысын, бет-әлпетін және қимыл-қозғалысын дәл көшіріп, ол шын мәнінде айтпаған сөзді айтқандай немесе жасамаған әрекетті жасағандай етіп көрсетеді.

Мұндай технологияларды алаяқтар мен арандатушылар жиі пайдаланады. Олар адамдарды алдау, жалған ақпарат тарату және қоғамдық пікірге ықпал ету мақсатында қолданылады.

Дипфейктің басты қаупі – сапалы жасалған жалған материалды түпнұсқадан ажырату өте қиын. Бұған дейін жалған видеоны бірден тануға көмектесетін қарапайым ережелерді ұсынған болатынбыз.

Оқу үшін