Елімізде жасы үлкен студенттер саны екі есе артқан

Фото: Gov.kz
2025-2026 оқу жылының басында елдегі жоғары оқу орындарында жасы 60-тан асқан 96 адам білім алып жатқаны белгілі болды, деп хабарлайды nofake.kz/.
Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі ұсынған деректерге сәйкес, бұл көрсеткіш магистратура, докторантура және резидентура бағдарламаларында оқитын студенттерге қатысты емес.
Айта кетерлігі, өткен оқу жылымен салыстырғанда қарт студенттердің саны екі есе өскен және 2009 жылдан бастап, яғни жасы 60-тан асқан санатқа байланысты статистика бойынша ең жоғары көрсеткішке жеткен.
Бүгінде 96 студенттің үштен екісі, яғни 63 адам Шымкенттегі жеке университеттерде оқиды, олардың көпшілігі – әйелдер (41 студент 60+). Алматыда осындай 14 студент бар, олардың 12-сі әйелдер.
Сонымен бірге жасы 35-тен асқан студенттердің басым көпшілігі Шымкентте екені анықталды. Қалада мұндай 3,8 мың адам біліп алып жатыр, бұл жалпы студенттердің 4,1%-ы. Одан кейінгі орында Алматы – 3,4 мың студент (жалпы санының 1,6%-ы) және Батыс Қазақстан облысы – шамамен 3,3 мың «үлкен жастағы» студент (жалпы көрсеткіштің 12,3%-ы).
Айта кетейік, бұған дейін Эстонияда оливье салатын жасауға тыйы салынғаны туралы ақпарат жалған екенін хабарлаған едік.


