Заңсыз субсидиялар: ҚМА мемлекетке келтірілген залал көлемін атады

Фото: Depositphotos
Қазақстанда 2024–2026 жылдары субсидияға қатысты 52 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі NoFake.kz редакциясына берген жауабында мәлімдеді.
Агенттік ұсынған мәліметке сәйкес, аталған кезеңде тіркелген қылмыстық істердің шамамен 38,5 пайызы сотқа жолданған.
«2024–2026 жылдары Агенттік субсидия бойынша 52 қылмыстық іс тіркеді. 20 қылмыстық іс сотқа жіберілді. Шығын 3,9 млрд теңгені құрады», – делінген ҚМА-ның редакциямызға берген ресми жауабында.
Агенттік мемлекетке келтірілген залалдың қанша бөлігі бюджетке қайтарылғанын және тіркелген қылмыстық істердің қаншасы мал басын жалған көрсету мен құжаттарды қолдан жасауға қатысты екенін нақтыламады.
Айта кетейік, бұған дейін редакциямыз ауыл шаруашылығы субсидияларын заңсыз алу схемаларын зерттеген болатын. Материалда мал басын жалған көрсету, құжаттарды қолдан жасау арқылы бюджет қаражатын иемдену фактілері, сондай-ақ мұндай заңбұзушылықтардың алдын алу үшін қабылданып жатқан шаралар туралы айттық.


