Астана мектептерінде сыйлық беруге шектеу қойылды ма

Фото: freepik.com
Елордадағы мектептердің бірінде ата-аналар чатында оқушыларға өзара сыйлық беруге тыйым салынғаны туралы хабарлама тарады. Осыған байланысты nofake.kz/ тілшілері бұл шектеу барлық мектепке қатысты ма деген сауалмен қалалық білім басқармасына жүгінді.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, білім басқармасы тарапынан мұндай шектеу қойылмаған.
«Білім басқармасы тарапынан ешқандай тыйым салынып, шектеу қойылмады. Алайда ата-аналар мен мектеп әкімшілігі бірлесе отырып, мұндай шешімге келе алады», — деді қалалық Білім басқармасының ресми өкілі Аяжан Амантайқызы.
Еске салсақ, бұған дейін мұғалімдер қандай жағдайда ашық сабақ өткізуі тиіс және сабақ туралы фото-видео есеп беруге міндетті ме деген мәселені анықтаған едік.


