NoFake

«Ойлау антиденелері» оқырманды фейктерден қалай қорғайды

Фото: Depositphotos

Кембридж университетінің ғалымдары дезинформациямен «алдын алу соққысы» әдісі арқылы күресуді ұсынады, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Дезинформация психологиясы» кітабының авторларының бірі, доктор Джон Рузенбек (Jon Roozenbeek) редакциямызға берген эксклюзивті сұхбатында «ойлау антиденелері» тұжырымдамасын түсіндіріп берді.

Ғалымның пікірінше, медициналық вакциналар сияқты, манипуляция іске қосылмай тұрып-ақ миды жалған ақпарат «вирусымен» кездесуге дайындауға болады.

«Бұл – медицина ғылымының вакциналар көмегімен нақты ауруларға қарсы антиденелер қалыптастыруына ұқсас аналогия. Мұндағы негізгі идея: адам дезинформациямен бетпе-бет келмес бұрын, оған белгілі бір төзімділік қалыптастыруға болады… Мысалы, дезинформацияның оқырман бойында қалайша қатты ашу-ыза немесе қорқыныш тудыруға тырысатынын алдын ала көрсету керек», — дейді доктор Рузенбек.

Ғалымның айтуынша, егер контент сізде кенеттен қатты эмоционалдық толқу тудырса, бұл – ақпараттың жалған болуы мүмкін екендігінің алғашқы белгісі.

«Мысалы, белгілі бір нарративтерде жиі қолданылатын аргументтер немесе үнемі пайдаланылатын сендіру әдістері мен тактикалары туралы сөз болуы мүмкін. Мәселен, сендіру процесінде эмоциялардың қандай рөл атқаратынын түсіну маңызды. Егер адам мұны әлі білмесе, мұндай тәсіл оған дезинформацияның қалайша күшті ашу немесе қорқыныш сезімдерін тудыруға тырысатынын көрсетуі мүмкін»,-деді ол.

Мамандар мұндай «иммунитетті» мектеп қабырғасынан бастап дамытуды, яғни балаларды мәтіндегі эмоционалдық триггерлерді тануға үйретуді ұсынады.

Оқу үшін