NoFake

Ер адамдар әйелдерге қарағанда инфарктке жиі ұшырайды – себебін маман түсіндірді

мч у кардиолога

Жүрек-қан тамыр аурулары – әлемдегі өлім-жітімнің басты себептерінің бірі. Ғалымдар ер адамдардың инфарктке әйелдерге қарағанда жиірек ұшырайтынын бұрыннан айтып келеді. Бұл рас па, айырмашылығы неде? nofake.kz/ осы сұрақтарды Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының кардиология және оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Іңкәр Әбілдаеваға қойды.

«Иә, ер адамдар әйелдерге қарағанда инфарктпен жиі ауырады. Бұл ақпарат рас. Оның бірнеше себебі бар. Біріншіден, өмір салты. Статистика бойынша ерлерде зиянды әдеттер жиірек кездеседі. Оларға мысалы темекі шегу, алкоголь, физикалық белсенділіктің төменділігі, тұзды, майлы тағамдарды көбірек пайдалану жатады. Екіншіден, гормондық ерекшелік. Әйел адамдарда репродуктивті жасқа дейін гормондық қорғаныс – эстрогендер бар. Эстрогендер әйелдерді менопаузаға дейін атеросклероздан қорғайды; ол липид алмасуын реттейді, эндотелий функциясын жақсартады. Ер адамдарда мұндай қорғаныс гормоны жоқ, сондықтан атеросклероз ерте басталады. Үшіншіден, ер адамдардың медициналық тексерулерге сирек баруы, сонымен қатар генетикалық бейімділікті де ұмытпауымыз керек», — деп жауап берді маман.

Жүрек аурулары жынысқа таңдамайды, алайда олардың даму жиілігі мен басталу уақыты әр түрлі. Ерлерде қауіп ерте байқалса, әйелдерде ол көбіне менопаузадан кейін артады. Сондықтан екі жынысқа да уақытылы тексерілу, зиянды әдеттерден бас тарту және жүрек денсаулығына жауапкершілікпен қарау маңызды.

Оқу үшін