NoFake

2026 жылы қасқыр мен шибөріні аулауға рұқсат алу тәртібі қандай

волк

Фото: Depositphotos

ҚР Экология министрлігі 2026 жылға арналған қасқыр мен шибөріні аулаудың рұқсат етілген көлемі туралы биологиялық негіздемені жариялады, деп хабарлайды nofake.kz/.

2026 жылдың 5 қаңтар сағат 10:00-ден бастап, қасқыр мен шибөріні аулауға рұқсат алу мүмкіндігі ашылады. Биологиялық негіздемеге сәйкес, жануарлар санын реттеу 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүзеге асырылады.

Комитет мәлімдемесіне сәйкес Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар және Ұлытау облыстарында аталған жануарларды аулауға рұқсат тек үй жануарларына шабуыл жасаған жағдайда ғана беріледі.

Бұл рұқсат алу рәсімі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы №347 бұйрығымен реттеледі.

Қызмет толық автоматтандырылған және Қазақстан Республикасындағы электрондық лицензиялау сайтында қолжетімді.

Оқу үшін