NoFake

Kaspi терминалдары рубльмен төлем жасайды – жалған

QR

Коллаж: nofake.kz/

Желіде еліміздегі Kaspi терминалдардың бірінде рубльмен төлем жасалатыны туралы ақпарат тарады. nofake.kz/. мәселенің ақ-қарасын анықтап көрді. 

QR

Осыған орай, көпшілік «Рубльмен төлем жасалып жатқаны рас па, бұл қалай болғаны, бұған кім жауап береді?» деген пікірлер жазып жатыр. 

Комменты

Kaspi банкінің баспасөз қызметі видеодағы жағдай банктің емес, терминал иесі болған серіктестің баптауларынан туындағанын хабарлады

«Тексеру нәтижесінде Kaspi тарапынан қате анықталмады, кассадағы валюта серіктестің өз баптауларына сай көрсетілген болатын. Біз серіктеспен хабарласып, мәселені шештік. Енді барлық сома теңгемен көрсетіледі. Егер қосымша сұрақтар туындаса, әрқашан байланыстамыз және көмектесуге дайынбыз», — деп мәлімдеді банктің баспасөз қызметі. 

Осылайша, елімізде рубльмен төлем жасалып жатқаны – жалған болып шықты. Банк мамандары тұрғындарды тек ресми ақпаратқа сенуге шақырады. 

Оқу үшін