NoFake

Қазақстанда адам және бала саудасы артқан

Scared blue eyes behind a locked rustic wood gate with chains

Адам саудасына қарсы күрес басқармасы басшысының орынбасары Шынар Күшербаева 2025 жылғы 19 қыркүйекте «Заң және тәртіп: адам саудасына қарсы күрес мәселелері» атты дөңгелек үстел басталар алдында жаңа туған бала саудасының өскенін мәлімдеді.

nofake.kz/ ресми ақпараттың қаншалықты рас екенін тексеру үшін ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетіне жүгінді. Айта кететіні, адам саудасы үшін жауапкершілік ҚР Қылмыстық кодексінің 128-бабында, ал бала саудасы бойынша жауапкершілік 135-бапта көзделген. Сәйкесінше, статистика да екі бөлек жүргізіледі.

2025 жылдың 9 айында ҚР ҚК 135-бабы (Кәмелет жасына толмағандарды сату) бойынша — 30 дерек тіркелген. Бұл көрсеткіш бала саудасына қатысты қылмыстардың биыл айтарлықтай көбейгенін көрсетеді.

Деректерден 2020 жылы көрсеткіш ең жоғары болғанын, 2023 жылы минимумға түскенін, кейін қайта өсім байқалғанын көруге болады.

Оқу үшін