NoFake

Алаяқтарға алданбау үшін «Стоп кредит» қызметін қосыңыз

Кез келген азамат Egov порталына немесе Egov Mobile қосымшасына кіріп, «Стоп кредит» қызметін қоса алады, деп хабарлайды nofake.kz/.

Бұл — сіздің екінші деңгейлі банктер мен микроқаржы ұйымдарынан несие алудан ерікті түрде бас тартқаныңызды білдіреді. Яғни, «Стоп кредит» қызметіне қосылған клиенттің өтінішін банктер, интернет-дүкендер мен бөліп төлеу науқанын ұйымдастырушылар мүлде қабылдамайды.

Бұл қызмет әсіресе интернет пен телефон алаяқтарына алдануға бейім зейнеткерлерге қажет. Өйткені алаяқтардың құрбанына көбіне егде жастағы адамдар айналады.

Қазіргі таңда Қазақстанда 3 миллионнан астам адам өз еркімен несие мен микронесиеден бас тартқан. Егер сізге қарыз алу қажет болса, Egov порталына немесе Egov Mobile қосымшасына кіріп, «Стоп кредит» қызметін өшіре аласыз.

«Стоп кредит» қызметін қалай қосуға болатынын төмендегі видеодан көре аласыз:

Оқу үшін