Шымкенттің жаңа әуежайы бюджетке қанша қаржы алып келеді

Фото: Gov.kz
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі жаңа әуежай терминалы бюджетке қанша қаржы түсіргенін айтты, деп хабарлайды nofake.kz/.
«SCATкомпаниясы дивиденд төлей бастады. Терминал енді ғана қосылды, dutyfreeмен VIP-аймақ әлі толық аяқталмаған. Компания келіссөз жүргізіп жатыр. Қазіргі дивиденд көлемі – 91 млн теңге. Әуежай мен терминал қызметі өскен сайын бұл сома да көбейеді», – деді қала әкімі.
Жаңа терминал жеке инвестор – SCATкомпаниясының қаражатына салынған. Әуежай және оған тиесілі жер учаскелері он жылға сенімгерлік басқаруға берілген.
«Шымкенттің жаңа әуежайы ұзақ уақыт бойы қоғамдық талқылауда болды. Терминалдың құрылысы жеке инвестиция есебінен жүргізілгенімен, инфрақұрылым толық аяқталмаған: duty free, VIP-аймақ және сервистік аймақтар іске қосылу кезеңінде. Ұшу-қону жолағын жаңарту жұмыстары әлі жүріп жатыр, оның аяқталуы 2027 жылға жоспарланып отыр» — деді әкім.
Сонымен қатар, әуежайдың жолаушылар өткізу қабілеті мен логистикалық мүмкіндіктері толықтай жаңа инфрақұрылым іске қосылғанға дейін шектеулі болып отыр. Терминалдың нақты экономикалық нәтижесі – жолаушылар ағыны, әуежай қызметтері мен жанама кірістер – толық жұмыс басталғаннан кейін ғана айқындалмақ.


