Астана тұрғынына офицер шабуылдады деген ақпарат — жалған: Полиция департаменті

Фото: Gov.kz
Астана полициясы желіде тараған, Павлодар облысы ПД бастығы орынбасарларының бірі Елорда тұрғынына дене жарақатын салды деген ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.
Полиция мәліметінше, 7 желтоқсан болған оқиға — бұрыннан таныс екі азаматтың арасындағы жанжал. Аты аталған полицей оқиға кезінде демалыста болған және керісінше жанжалдасушыларды ажыратуға тырысқан.
Соған қарамастан, департамент өкілдері аталған қызметкердің әрекеттеріне құқықтық баға берілетінін атап өтті. Ол үшін қызметтік тексеріс тағайындалған.
«Денсаулыққа жеңіл зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды», — деді полицияда.


