Жібек жолы ауылындағы трагедия: полиция әлжелідегі ақпаратты жоққа шығарды

Фото: Egov.kz
Жібек жолы ауылында болған адам өлтіру дерегі бойынша күдікті жедел түрде ұсталды, деп хабарлайды NoFake.kz.
Әлеуметтік желілерде аталған оқиғаға қатысты түрлі ақпарат таралып, пайдаланушылар болған жағдайдың әртүрлі нұсқаларын, соның ішінде расталмаған мәліметтерді жариялаған.
Ақмола облысы полиция департаментінде таралып жатқан кейбір хабарламалардың шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеп, азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырды.
«Полиция қызметкерлері күдіктіні жедел түрде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп атап өтті ведомство.
Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Істің тергелу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.


