NoFake

ЖИ жасаған жалған видео Үндістанда дүрбелең туғызды

Коллаж: nofake.kz/

Жасанды интеллекттің көмегімен жасалған бейнежазба Үндістанда шынайы оқиға ретінде қабылданып, желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Кадрларда бұқа көліктерге шабуыл жасап жатқандай көрінгенімен, видеоның шындыққа қатысы жоқ екені анықталды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Оқиға қалай болған?

«Бұқа Үндістанның Гурагон қаласының орталығындағы Huda City Centre ғимаратының алдында  Lamborgini көлігін тас-талқан етіп жатыр» делінген және видеода үнді тілінде жазба, пікірлер бар.

Бұқаның көшедегі қымбат көліктерге соқтығысын көрсететін видео 1,8 млн қаралым жинап үлгерген және қымбат көліктерді қиратқан соң басқаларға да шабуыл жасап жатқаны көрсетіледі.

2025 жылдың 10 қазанында түсірілген, Instagram-да жарияланған жалған жазбаның скрині

Бейнежазба тағы қай жерлерде тараған?

Аталған жалған видео Facebook және Threads желілерінде де тарап үлгерген. Ал, кейбір желі қолданушылары видеодадағы бұқаның бүлік салуын шынайы оқиға екен деп сеніп қалған.

«Үндістан жолдарында ешкім де қауіпсіздік кепілдігіне ие емес» — желі қолданушысының пікірі.

Тағы бір желі қолданушысы: «Егер дәл осы оқиға шет елде болғанда бұқаның егесі анықталып, түрмеге тоғытылатын еді және келтірілген шығынды өтер еді»,-дейді.

Бірақ визуалды түрде қарағанда бейнеде өзгешелік байқалады. Видео қозғалыс кезінде видеодағы мәтін мен артқы фонындағы бейненің арасында айырмашылық бейнежазбаның ЖИ құралдары арқылы жасалғанын анық көрсетеді.

Видеоны  фото бойынша қайта кері айналдырудың  және кілт сөздерді қайта анықтап қарау нәтижесінде түпнұсқада қалай болғандығын көруге болады. Өйткені «AI Filmmaker»(мұрағат сілтемесі) атты Instagram қолданушысының 4 қазандағы жүктеген видеосы түпнұсқа  болып шықты. 

ЖИ технологиясының жоғары жылдымдықпен дамығандығына қарамастан визуалды қателіктер, мәтіннің сәйкессіздігі сынды түпнұсқа мен жалған видео арасындағы айырмашылық қатты байқалады. Осындай тәсілдер арқылы жалған видео жасау бастапқы ЖИ арқылы жасалған видеолардағыдай әлі де кездеседі. Себебі бейнені ұқсас бірақ басқа жерлерде таралғандарымен салыстырып қарау – жалған бейнежазбаларды анықтаудың жолы.

Оқу үшін