NoFake

ЖИ-контент міндетті түрде таңбалануы тиіс — Кочетов

Снимок экрана 2026 02 06 в 12.07.18

Фото: freepik.com

Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов ЖИ-мен жасалатын контенттің барлығы таңбалануы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Бұл туралы ол Парламент Сенатында өткен брифинг барысында мәлім етті.

«Бұл жерде барлығы цифрландыру министрлігі ұсынған алгоритмге сай жұмыс істейді. Барлық контент, оны кім жарияласа да, яғни БАҚ, инфлюенсерлер, блогерлер, қарапайым қолданушылар жарияласа да ол таңбалануы тиіс. Демек ЖИ-мен жасалған деген белгі болуы керек», — деді вице-министр.

Айта кетейік, аталған брифингте вице-министр, сондай-ақ шетелдік әншілердің әні мен олардың Қазақстанда гастрольдік концерт беру ережелерінің өзгеретінін мәлім еткен еді.

Оқу үшін