NoFake

ЖИ емес, физика заңы: алматылық мұғалімнің тәжірибесі шын болып шықты

Кадрлер видеодан

TikTok-та қазақстандық мұғалімнің физика пәнінен әсерлі тәжірибе жасаған видеосы кең тарады. Бейнеролик 9,9 миллионнан астам қаралым жинап, кей қолданушылар оның шынайылығына күмән келтіріп, кадрлар жасанды интеллект арқылы жасалған болуы мүмкін деп болжады.

nofake.kz/ тілшісі анықтағандай, видео толықтай шынайы. Оның авторы — Алматыдағы мектептердің бірінде физика пәнінен сабақ беретін Боранбек Еркінбек. Ол бұл — импульс өзгерісі мен реактивті қозғалысқа арналған қарапайым оқу тәжірибесі екенін айтты.

Скрин: Әлеуметтік желіден

«Сабақта 9-сынып оқушыларына реактивті қозғалыс пен импульс өзгерісін «газды зеңбірек» моделінде көрсеттім. Екі үлкен пластикалық бөтелке мен оларды жалғайтын бір иілгіш түтік қолдандым. Бір жағынан газ жіберіледі, екіншісі ашық қалады. Ішкі энергияның өзгеруі қозғалыс тудырады. Газ тұтанып, қысым сыртқа итереді — жалын мен қатты дыбыс пайда болады. Ешқандай ІЖ (жасанды интеллект) араласқан жоқ, бұл — кәдімгі оқу процесі», — деді Боранбек Еркінбек.

Мұғалімнің айтуынша, сабақта барлық қауіпсіздік шаралары қатаң сақталған. Оқушылар қауіпсіз қашықтықта болған, ал тәжірибені тек мұғалімнің өзі жүргізген.

Оқу үшін