ЖИ адамзаттан қанша жылда асып түседі

Фото: euronews.com
Давоста өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумда Илон Маск ЖИ мен оның болашағы туралы сөз етті, деп хабарлайды nofake.kz/.
Масктың пікірінше, небәрі алдағы 4-5 жылда ЖИ адамзаттан да асып түсуі мүмкін.
«Менің ойымша, осы жылдың соңына қарай немесе келесі жылы кез келген адамнан да ақылды жасанды интеллект пайда болуы мүмкін. Ал шамамен бес жылдан кейін, яғни 2030–2031 жылдары, жасанды интеллект бүкіл адамзаттың ақыл-ой деңгейінен де асып түседі», – деді Маск.
Сонымен бірге Tesla және SpaceX негізін қалаушысы адамзаттың жоғары деңгейдегі өмірін ЖИ мен робототехника қалыптастыратынын атап өтті.
Бұл ретте, миллиардер Tesla технологияларды дамыту үрдісін одан ары жалғастыратынын мәлімдеді.


