NoFake

Жетісуда ЖИ арқылы жалған чек жасаған жасөспірімдер анықталды

ЧЕК

Фото: nofake.kz/

Жетісу облысында үш жасөспірімнің ЖИ арқылы жалған банктік чектерді жасап, алаяқтық әрекетке барғаны анықталды, деп хабарлайды nofake.kz/.

Бұл туралы облыстық прокуратура мәлімдеді.

«Құқыққа қарсы әрекет нақты ақша қаражатының түсуі мен сатып алушылар ұсынған электрондық чектер арасындағы сәйкессіздікті байқаған кәсіпкерлердің өтініштерінен кейін жедел анықталды. Аталған дерек бойынша алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет жасалған алаяқтық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды»,-делінген ресми хабарламада.

Жетісу облысының прокуратурасы кәсіпкерлер мен барлық азаматтарды сақтықты күшейтуге шақырады, сондай-ақ төлемдерді тек банктердің ресми мобильді қосымшалары және транзакцияларды растау сервистері арқылы тексеруді ұсынады.

Оқу үшін