NoFake

Желіде Израильге жасалған «зымыран соққысы» туралы дипфейк видео тарады

Скрин видеодан

Әлеуметтік желілерде Израиль қалаларының біріне жаппай зымыран соққысы жасалғаны көрсетілгендей дипфейк видео таралып жатыр, деп хабарлайды NoFake.kz.

Видео Threads, Instagram және басқа да платформаларда белсенді талқыланып жатыр.

Алайда жүргізілген OSINT-талдау бұл жазбаның нақты оқиғалармен байланысты болмауы мүмкін екенін көрсетті. Видео жасанды интеллект арқылы жасалған контентті анықтауға арналған арнайы қосымшалармен тексерілді.

Талдау нәтижесінде роликтің жасанды интеллект көмегімен жасалған болуы мүмкін белгілері анықталған. Мәселен, видеодағы зымырандардың траекториялары тым симметриялы әрі бір-біріне ұқсас көрінеді. Сондай-ақ жарқыл мен жарылыс бұлтының пішіні табиғи емес.

Бұдан бөлек, көкжиектегі ғимараттардың архитектурасы бұлыңғыр көрініп, кейбір элементтері қайталанып тұрады. Мұндай қайталанатын фрагменттер AI-генерацияланған немесе дипфейк видеоларға тән белгілердің бірі саналады.

Сонымен қатар мұндай оқиға халықаралық БАҚ пен ресми дереккөздерде расталмаған. Осылайша, бұл ролик жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған немесе өңделген дипфейк видео болуы ықтимал және желіде вирус ретінде таралып жатыр.

Оқу үшін