NoFake

Жеке деректер таралған уақытта қайда хабарласу керек

Снимок экрана 2026 01 21 в 16.39.41

Фото: freepik.com

Мaqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің профессоры Дана Өтеген жеке деректер таралған уақытта қайда хабарласу қажеттігін түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Астанада өткен «Бизнестің кибер-иммунитеті: тұрақтылық және сезімталдық стратегиялары» атты конференцияда Мaqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің профессоры Дана Өтеген жеке деректер тараған сәтте қайда хабарласу қажеттігін атап өтті.

«Жеке деректеріңіз тараған кезде бізде ҚР ЖИЦД Ақпараттық қауіпсіздігі комитеті деген уәкілетті бар. Ведомствоға E-Otinish портал арқылы өтінім қалдыру керек. Ол үшін Meta деректерді скрин арқылы жасап немесе келіп түскен қоңыраулардың скринін жасау керек. Яғни, сіздің жеке деректеріңіз тарауы мүмкін орынды көрсетуіңіз керек. Осы өтінімді аталған комитетке жолдаған соң, олар оны жұмысқа алады. Егер сіздің жеке деректеріңіз таралғаннан бөлек, сталкинг жағдайы, тіпті қоқын-лоққы көрсетілген уақытта онда сіз полиция департаментіне хабарласа аласыз. Сонымен бірге кибер қылмыстармен айналысатын киберпол бөлімі жұмыс істейді, сол бөлімге хабарласуға болады», — деді ол.

Cонымен бірге ол мекеме өкілдері қызметкерлердің жеке деректері таралған уақытта қандай іс-әрекеттерге баратынын атап өтті.

«Егер мекеме қызметкерлердің жеке деректері таралғанын білген уақытта, ҚР «Дербес деректер туралы» Заңына сәйкес, хабарлама жіберуі тиіс. Оның ішінде хабарлама ҚР ЖИЦДМ Ақпараттық қауіпсіздік комитетіне хабар беруі қажет. Сонымен бірге олар деректердің қандай көлемге тарағанын көрсетуі тиіс. Сәйкесінше, мекемелер бірлесіп жұмыс істейтін клиенттерге, серіктестерге де деректердің таралғаны туралы ескертуі тиіс. Осы арқылы клиенттер жеке деректерін немесе телефон нөмірлерін өзгертіп, өз қауіпсіздіктерін қамтамасыз ете алады»,- деді маман.

Айта кетейік, бұған дейін жеке деректердің қашан сұралатыны туралы материал әзірлеген едік.

Оқу үшін