Жеке деректер биометриялық аутентификациямен тарай ма: маман жауабы

Фото: MNU.KZ
«Бизнестің кибер-иммунитеті: тұрақтылық және сезімталдық стратегиялары» атты конференцияда биометриялық аутентификацияның осал тұстары туралы айтылды.
Мaqsut Narikbayev University Жоғары құқық мектебінің профессоры Дана Өтеген биометриялық аутентификацияның өзі жеке деректерді қорғауда осал болуы мүмкін екенін атап өтті. Заңгер азаматтарға биометриялық аутентификациясыз жеке деректерді ұсыну тәсілдерін айтты.
«Биомертриялық деректерді жинайтын көптеген елдер бар. Алайда биометрияны жинауға қатысты тәуекелдер де бар. Неге? Себебі саусақ іздері, сілекей,ДНҚ сияқты деректер бар және осы ақпараттың бәрін жеке басын куәландыратын құжатқа байланыстырып қояды. Мысалы, Үндістанда мынадай кейс болды. Оларда азаматтардың ДНҚ-сын жинап, мемлекеттік қызметтерді алумен байланыстырылған «Aadhaar» деп аталатын жүйе бар. Мәселен, егер адам өз биометриясын беруден бас тартқан жағдайда, ол мемлекеттік қызметті ала алмаған. Кейс қызметті цифрландыру жөнінде өте тиімді болған. Алайда кейіннен ол деректердің бәрі көлеңкелі интернетке таралып кеткен. Бұдан нені көреміз? Егер жеке деректерді қорғамаса, олар таралып кетуі әбден мүмкін. Сондықтан, «Цифрлық кодексте» «Биометриялық деректерді қорғауға» арналған арнайы бөлім бар. Егер азаматтардің деректері олардың рұқсатынсыз жиналатын болса, ол оның құқығы бұзылғаны туралы хабарлай алады. Сол сияқты балама тәсілдері де бар. Егер сізді аутентификациядан өтуге мәжбүрлеп жатса, онда сіз өзіммен бірге жеке куаландырушы құжатымның бар екенін немесе өз деректерімді банк қосымшасы арқылы бере аламын дей аласыз. Бұл дегеніміз — сіз биометриялық аутентификациядан өтудің баламалы тәсілі болып табылады», — деп түсіндірді маман.
Айта кетейік, бүгін Астанада «Бизнестің кибер-иммунитеті: тұрақтылық және сезімталдық стратегиялары» атты конференция өтті. Оған білікті IT-мамандар, заңгерлер және киберқауіпсіздік саласындағы сарапшылар қатысты.


