NoFake

Жасанды интеллект министрі: Албанияда актриса үкіметті сотқа бермек

Скрин YouTube

Албанияда виртуалды форматтағы Жасанды интеллект министрі Диэллаға қатысты дау шықты, деп хабарлайды NoFake.kz.

Ол e-Albania мемлекеттік қызметтер порталында чат-бот ретінде жұмыс істейді. Министр қызметіне 2025 жылдың қыркүйегінде кіріскен.

Министр Диэлланың бейнесі мен дауысы Анила Биша атты елдің танымал актрисасының прототипі ретінде, келісімшарт аясында қолданылған. Бірақ келісімшарт 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған. Содан бері Албания үкіметі актрисамен жаңа келісім жасамастан түрін пайдалана берген. Сондықтан Анила Биша биліктің бұл әрекетін «зиян келтіру, азаматтың құқығын таптау» деп есептеп, сотқа жүгінуге шешім қабылдаған.

Ал Албания үкіметі актрисаның талап-арызын «абсурд» деп таныған. Дегенмен, олар мәселені сот тәртібімен шешуге дайын екенін мәлімдеді, өйткені бұл келісім мерзімі өтіп кеткен келісім болған.

Оқу үшін