NoFake

Жарты жылда 6 мың есірткі сайты мен 9 мың банк картасы бұғатталды — ІІМ

Фото: depositphotos

Қазақстанда жыл басынан бері 7 тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 15 есірткі зертханасы жойылды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады.

«Комитет заңнаманы жетілдіруден бастап цифрлық технологияларды дамытуға дейін барлық бағытта жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінде есірткі қылмысына қарсы күрес мемлекеттік деңгейде 2026–2028 жылдарға арналған үш жылдық кешенді жоспар аясында жүзеге асырылып жатыр», – деді ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжанов.

Министрлік мәліметінше, мамыр айында шетелдік әріптестермен бірлескен операция барысында Украина аумағында Қазақстан азаматтарын есірткі саудасына тартумен айналысқан ірі call-орталықтың қызметі тоқтатылып, 11 күдікті ұсталған.

«Есірткі саудасының интернет пен криптовалютаға ауысуына байланысты цифрлық бақылау да күшейтілген. Соның нәтижесінде «Кибернадзор»жүйесі арқылы заңсыз контент жариялаған 6 мың сайт бұғатталды. Ал «Антифрод-орталығы» арқылы есірткі айналымына қатысы бар 9 мың банк картасы бұғатталып, 135 миллион теңге көлеміндегі қаражатқа шектеу қойылды»,-деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Сонымен қатар есірткі қылмыстарын анықтауға арналған «Таргетинг-орталығы» іске қосылып, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына, сондай-ақ «дропперлік» қызметке қатысты жауапкершілік күшейтілді. Жыл басынан бері Қазақстан шетелдік серіктестермен 20-дан астам кездесу өткізіп, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтіп келеді. Ақпан айында елімізде 15 мемлекеттің қатысуымен прекурсорларға қатысты өңірлік жұмыс тобының отырысы өтті.

Оқу үшін