NoFake

«Ақша жеп отырған шенеуніктер» туралы ролик – дипфейк

Снимок экрана 2025 11 25

Кадрлер жалған видеодан

Әлеуметтік желілерде шенеуніктердің ақша жеп отырғаны бейнеленген жалған видео тарап жатыр. Шын мәнінде бұл — толықтай жасанды интеллект арқылы жасалған дипфейк, ал көрерменге оны зиянсыз әзіл ретінде көрсетеді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Желіде кең тараған роликте мемлекеттік тудың элементтері бар микрофон ұстап тұрған қазақстандық журналистке ұқсайтын қыз көрінеді. Ол есікке жақындағанда, жанында тұрған күзетші оны тоқтатып, мемлекеттік тілде ішке кіруге тыйым салынғанын, ішінде қызу талқылау жүріп жатқанын айтады. Осылайша көрерменге жабық жиналыс өтіп жатқандай әсер береді.

Кейін кадр күрт ауысады. Журналист ішке кіріп кеткендей болып, үстел басында отырған ролик авторлары «шенеуніктер» деп көрсеткен ер адамдарды көреді. Видеода олар ақша жеп отырғандай етіп көрсетілген.

Сюжеттегі абсурдтың өзі оның жасанды екенінен хабар береді. Бұдан бөлек, роликті әшкерелейтін техникалық белгілер де бар: видеодағы адамдардың қимылы табиғи емес, мимикасы жоққа тән, ал айтылған сөз еріннің қозғалысына сәйкес келмейді.

Бұл ролик Telegram-арнаны жарнамалау үшін жасалғанға ұқсайды. Жарты миллион қаралым жинаған. Авторлар ол жерде YouTube-контент, жасанды интеллект, қаржылық сауаттылық және басқа тақырыптар бойынша «тегін курстар» жарияланады деп уәде береді. Мұндай агрессивті видеолар көрермен назарын аударып, эмоциялық реакция тудыруға бағытталған. Алайда олардың шынайы өмірмен еш байланысы жоқ және нақты оқиғаларды көрсетпейді.

Оқу үшін