NoFake

Жаңа жылдық отшашулардың қайсысы қауіпсіз — ІІМ түсіндірді

Снимок экрана 2025 12 17

Фото: Gov.kz

Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов жаңа жылдық мерекелер кезінде пиротехниканы қолдану ережелеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Оның айтуынша, айналаға қауіп төндірмейтін және аулалардың тазалығын бұзбайтын «шағын» фейерверктерді ату құқықбұзушылық ретінде қарастырылмайды.

«Аулалардың тазалығын бұзбайтын және басқа азаматтарға қауіп төндірмейтін шағын фейерверктерге қатысты ешқандай кедергі көріп отырған жоқпыз. Ал азаматтардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне қауіп төндіріп, аулаларды ластайтын тыйым салынған петардаларға келсек, мұндай жағдайларда әкімшілік заңнамада көзделген барлық шаралар қолданылады», – деді Әділов.

ІІМ өкілдері жауапкершілік шаралары құқықбұзушылықтың сипаты мен түріне қарай қолданылатынын атап өтті. Вице-министрдің айтуынша, бұл мәселеге қатысты әкімшілік заңнамада бірқатар бап қарастырылған.

Санжар Әділов құқық қорғау органдарының басты міндеті – қоғамдық тәртіптің бұзылуына жол бермеу және құқықбұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидатын ұстану екенін еске салды.

Оқу үшін