Жаңа Парламент құрамы қалай жасақталады: Президент түсіндірді

Фото: Akorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық Құрылтайда жаңа бір палаталы Парламент қалай жасақталатынын түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/.
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайды жаңа Парламентті жасақтау тәртібін жеткізді. Президент депутаттардың пропорционалды жүйе қағидатымен сайланатынын атап өтті.
«Ұсыныстардың үшінші бөлігі жаңа Парламентті жасақтау тәртібі туралы болды. Депутаттар енді пропорционалды жүйе қағидатымен сайланады. Мұндай тәсіл саяси партиялардың институционалдық рөлін күшейтеді. Сондай-ақ олардың қоғам алдындағы жауапкершілігін арттырады. Кейбір партиялар Парламентпен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттарды пропорционалды жүйемен жасақтауды ұсынғанын білемін. Бірақ аймақтарда мажоритарлық жүйені сақтап қалу керек деп ойлаймын. Еліміздің өңірлерінде жергілікті азаматтардың дауыстары, пікірлері жақсы естілуі қажет. Бұл – мен үшін айқын ұстаным», — деді Президент.
Сонымен бірге мемлекет басшысы жаңа Парламентте «таңдаулы тұлғалар» болмауы тиіс деді.
«Талқылау кезінде маған Парламенттегі Президент квотасын қалдыру керек деген ұсыныс айтылды. Бірақ мен жаңа Парламент ешкімнің қамқорлығына, қадағалауына мұқтаж емес екеніне сенімдімін. Депутаттардың ішінде арнайы тағайындалған «таңдаулы тұлғалар» болмауы керек. Олар бәріне бірдей, ортақ тәртіппен сайлануға тиіс. Депутаттардың ішінде арнаулы тұрғындар болмауы керек, олар бәрі бірдей сайлануы тиіс. Сондықтан мен 5 пайыздық межені қалдырған жөн деп санаймын. Жаңа бір Палаталаты Парламентті президенттік квота мен ҚХА квотасы болмайды. Құрылтайдың барлық мүшелері партия тізімі бойынша өтеді. Бәрінде бірыңғай мандат болады»,- деді Президент.
Айта кетейік, бүгін Қызылордада Ұлттық құрылтай өтті. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен қоғам белсенділері, депутаттар қатысты.


