Жамбыл облысында мектептерге қатысты тараған жазба жалған болып шықты

Жамбыл облысыс ПД баспасөз қызметі
Жамбыл облыстық полиция департаменті Telegram әлеуметтік желісінде тараған мектептерге қатысты қорқыту мазмұндағы жазба бойынша ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды nofake.kz/
Ведомствоның хабарлауынша, әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа жанаспайды және қоғамда дүрбелең туғызуға бағытталған фейк хабарлама.

«Қорқыту туралы көрінеу жалған хабар тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Желіде тараған қорқыту туралы мәліметтердің ешқандай негізі жоқ. Өткен жылы да осындай жалған ақпарат Қазақстанның өзге қалаларында және көршілес елдерде тіркелген болатын — олардың ешқайсысы расталған жоқ. Хабарламада көрсетілген орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданып, күзет күшейтілді. Азаматтарды сабыр сақтауға, дүрбелеңге бой алдырмауға және тек ресми дереккөздерден алынған ақпаратқа сенуге шақырамыз», — делінген хабарламада.


