NoFake

Жалған жүргізуші куәлігі үшін ақша алған: полиция алаяқтық дерегін ашты

gluster 2024 2 27 9268b74af523a8ca97e1d9f3e21ef22b original.144771

Фото: gov.kz

Заңды айналып өтпек болған әрекет Ақмола облысында алаяқтыққа ұласты, деп хабарлайды nofake.kz/.

Ақмола облысы Полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Бурабай ауданында 36 жастағы жергілікті тұрғынның арызы бойынша бұрын жасалған алаяқтық дерегін ашты.

Полиция мәліметінше, әйел жақында ғана танысқан ер адамға жұбайының жүргізуші куәлігінен айырылғанын айтқан. Ол жүргізуші куәлігін қалпына келтіруге «көмектесемін» деп уәде беріп, бұл үшін 300 мың теңге сұраған.

«Өткен жылдың қыркүйек айында әйел аталған соманы берген, алайда уәде етілген құжаттарды ала алмаған. Біраз уақыт өткен соң ер адам байланысқа шығуын тоқтатқан», — деп хабарлады полиция.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктінің жеке басын анықтады. Ол 32 жастағы ер адам болып шықты. Қазіргі уақытта оның бұл қылмысқа қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Оқу үшін