NoFake

Алаяқтар Kaspi.kz арқылы тапсырыс берген азаматты алдап кете жаздады

Фото: Freepik.com

Желіде Kaspi.kz арқылы Magnum-нан азық-түлікке тапсырыс берген адам, алаяқтардың құрбаны бола жаздағанын хабарлады. Kaspi.kz аталған жайтқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Nofake.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы болған жайт туралы желідегі парақшасында жазған. Оның айтуынша, ол Kaspi.kz арқылы Magnum-нан азық-түлікке тапсырыс берген. Осылайша, бір сағаттан кейін WhatsApp арқылы «курьер» қоңырау шалғае. Ол жарты сағат ішінде келетінін айтып, азаматшадан үйде болуын сұраған. Оған қоса, телефон тұтқасын қоймай тұрып, «Кодты айтуды ұмытпаңыз» деген.

«Мен: қандай код? Magnum-нан жеткізу қызметі кодсыз болатын еді ғой деп айттым. Ол: «Шатастырып алмау үшін Aitpa арқылы жібердім» деді… Сол кезде ғана оның алаяқ екенін түсіндім», — деді желі қолданушысы.

Желі қолданушысы кейін қоңырау шалған нөмірді тексергенінде, «Жеткізу қызметі» деп жазылып тұрғанын атап өтті.

«Менің орнымда қарт адамдар болса, сеніп қалуы әбден мүмкін еді ғой, байқаңыздар! Kaspi.kz қосымшасындағы деректер қауіпсіздігіне қатысты да сұрақтар бар», — деді ол.

Аталған жайтқа қатысты қатысты Kaspi өкілдері түсініктеме берді.

«Біз сіздің алаңдаушылық білдіргеніңізді толықтай қолдаймыз. Қазіргі таңда алаяқтар түрлі алдау тәсілдерін белсенді қолданып жүр. Соның ішінде жалған қоңыраулар, жалған сілтемелер және тіпті жасанды интеллект көмегімен жасалған фейк видеолар да бар», — делінген хабарламада.

Бұл ретте, Kaspi мамандары азаматтарға төмендегі ережелерді сақтауды еске салады:

• Ешқашан ешкімге банк картаңыздың деректерін, SMS-код, пароль немесе PIN-кодты айтпаңыз.

• Тіпті таныстарыңыздан келген күмәнді сілтемелерге өтпеңіз.

• Бейтаныс адамдарға немесе күмәнді өтініштер бойынша ақша аудармаңыз.

«Біз алаяқтық схемаларды қалай анықтауға және олардан қалай сақтануға болатыны туралы түсіндіретін танымдық бейнероликтерді үнемі жариялап отырамыз. Өзекті ақпарат пен ұсыныстардан хабардар болу үшін біздің ресми парақшаларымызға тіркеліңіздер», — делінген хабарламада.

Kaspi өкілдері азаматтарды барынша сақ болуға, өзіңіздің және жақындарыңыздың жеке деректерін ешкімге бермеуге кеңес береді.

Оқу үшін