NoFake

Жалған аккаунттар мен қоқан-лоққы: Көкшетауда бопсалау схемасы әшкереленді

Screenshot

Фото: Ақмола облысының ПД

Жедел қызметкерлердің мәліметінше, қылмыскерлердің кемінде үш эпизодқа қатысы бар, деп хабарлайды nofake.kz/.

«Күдіктілер алдын ала ойластырылған схема бойынша әрекет еткен: әлеуметтік желілерде қыздардың фотосуреттері мен анкеталық деректерін пайдаланып жалған аккаунттар ашып, жас жігіттермен танысқан және жеке кездесулер белгілеген. Алайда кездесудің орнына жәбірленушілерді бопсалаушылар күтіп отырған. Күдіктілер өздерін бұрынғы құқық қорғау органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе күш қолдану арқылы қорқытып, ақша талап еткен», — делінген ресми хабарламада.

Заңсыз әрекеттер нәтижесінде қаскөйлер үш жәбірленушіден бір миллион теңгеден астам қаржы алған. Жедел ақпарат түскеннен кейін ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кешенін жүргізді. Қылмыстық әрекет құжатталып, екі күдікті де жәбірленушілердің бірінен ақша алып жатқан сәтінде қолға түскен.

Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция азаматтарды қырағы болуға және бопсалау мен бопсалау-шантаж фактілері туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға шақырады.

Оқу үшін