NoFake

Қалада Виктор Цой атындағы көше жоқ — Астана әкімдігі

Цой

Скриншоты публикаций из соцсетей

Әлеуметтік желілерде Астанада кеңестік «Кино» рок тобының солисті Виктор Цойдың аты берілген көше пайда болды деген ақпарат тарады. Пайдаланушылар бұл мәлімдемені онлайн-карталар мен навигаторлардан алынған скриншоттармен дәлелдегісі келген, деп хабарлайды nofake.kz/.

Алайда қала әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Астана қаласының Тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының деректеріне сәйкес, қаладағы қандай да бір көшеге Виктор Цойдың атын беру туралы ешқандай шешім қабылданбаған. Ресми топонимикаға өзгерістер енгізілмеген», — деп хабарлады ведомство.

Оқу үшін