NoFake

Щучинсктегі жарылыс: Министрлік ведомствоаралық комиссия құрды

Фото: ТЖМ

Қазақстанның ТЖМ Щучинск қаласындағы оқиғаны тергеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрды, деп хабарлайды NoFake.kz.

«Төтенше жағдайлар министрі генерал‑лейтенант Шыңғыс Әріновтің бұйрығымен Ақмола облысының Щучинск қаласында болған төтенше оқиғаның себептерін анықтау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды. Комиссияға ТЖМ басшысы төрағалық етеді. Оның құрамына Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс, Әділет, Сауда және интеграция министрліктерінің басшылығы, сондай-ақ Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері кірді. Комиссияға оқиғаның себептерін жан-жақты, толық және объективті тергеуді қамтамасыз етіп, ұқсас жағдайлардың қайталануына жол бермеу үшін қажетті ұйымдастырушылық және алдын алу шараларын әзірлеу тапсырылды»,-делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ, зардап шеккен адамдарға және қайтыс болған адамдардың отбасыларына медициналық және психологиялық қолдауды қоса алғанда, барлық қажетті көмек көрсетілетін болады. Ақмола облысының әкімдігіне қайтыс болған адамдарды жерлеуді ұйымдастыруға көмек көрсету тапсырылды.

Айта кетейік, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласында бес қабатты тұрғын үйге жапсарлас орналасқан бір қабатты дәмханада газ-әуе қоспасы жарылып, кейін өрт шықты. Оқиға орнына бес минут ішінде жеткен құтқарушылар өрттен 10 адамды алып шығып, 50 литрлік бес газ баллоны мен екі оттегі баллонын қауіпсіз жерге шығарды. Төтенше жағдай салдарынан 28 адам зардап шегіп, олардың 13-і ауруханаға жатқызылды. Апаттан 7 адам қаза тапты.

Оқу үшін