Тұрғын үй кезегіндегі алаяқтарды қалай тануға болады

Фото: krisha.kz
Тұрғын үй кезегіне қатысты алаяқтық фактілері көбейіп барады, деп хабарлайды NoFake.kz Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. Полиция мамандары пәтер рәсімдеу кезінде алаяқтардың құрбаны болмас үшін қарапайым қауіпсіздік лайфхактарын сақтауға кеңес береді.
«Қаскөйлер өздерін банк қызметкері немесе мемлекеттік орган өкілі ретінде таныстырып, азаматтарды жаңылыстырады. Олар әлеуметтік желілерде жалған ақпарат таратып, сондай-ақ WhatsApp және басқа да мессенджерлер арқылы хабарласып, сенімге кіруге тырысады. Алаяқтар көбінесе «үй кезегі келді», «пәтер кілтін жедел рәсімдеу керек» деген сылтаумен азаматтардан жеке деректерін сұрайды немесе ақша талап етеді. Мұндай әрекеттер — заңсыз және қылмыстық жауапкершілікке әкелед»,- делінген ресми хабарламада.
Құқық қорғау қызметкерлері алаяқтар қолданатын бірнеше тәсілді оқырман назарына ұсынады:
— Банк қызметкерлері ешқашан сіздің шотыңыздың деректерін, құпиясөздерді немесе SMS-кодтарды сұрамайды;
— Ешқашан ақшаңызды «қауіпсіз шотқа» немесе басқа біреудің шотына аударуды талап етпейді;
— Мессенджерлер арқылы құжат рәсімдемейді және тұрғын үй кілттерін бермейді.
— Тұрғын үй алу тәртібі тек ресми түрде жүзеге асырылады. Қауіпсіздік шаралары
— Күмәнді қоңыраулар мен хабарламаларға сенбеңіз;
— Жеке деректеріңізді (ЖСН, карта нөмірі, кодтар) ешкімге бермеңіз;
— Белгісіз шоттарға ақша аудармаңыз; — Ресми ақпаратты тек сенімді дереккөздерден тексеріңіз. Егер сізге күмәнді хабарлама немесе қоңырау түссе, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз


