NoFake

«Тұрғын-үй бағасы қымбаттауы мүмкін бе» — Депутат Дәулет Мұқаев түсіндірді

SJ9qXaw44ItdQzWf5rRs5mOFccpV4jksN1Lyo09J.jpg width=1200Xheight=autoXtype=1

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Қазақстандықтар арасында жаңа жылдан бастап тұрғын-үй бағасы қымбаттауы мүмкін деген ақпарат тарап жатыр. nofake.kz/ аталған сұрақты баспана бағытында халыққа кеңес беріп жүрген Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевқа қойып көрді

Депутаттың айтуынша, тұрғын үй бағасының қымбаттау ықтималдығы бар. Ол мұны Салық кодексіндегі өзгерістермен және жаңа тұрғын үй бағдарламаларының іске қосылуымен байланыстырады.

«Салық кодексі, әрине өсуі мүмкін. Осыған байланысты әрине өсуі мүмкін. Үйдің бағасын 2018, 2019 жылдан бастап айтып жүрмін, үйдің бағасы ешқашан төмендеп кеткен емес. Керісінше сұранысқа сай өсіп жатыр. Айналып келгенде бір бөлмелі үйде тұрып жатқан азаматтар екі бөлме, екі бөлмедегілер үш бөлме алғысы келіп жатыр. Одан кейін үйдің бағасының өсіміне жаңадан шығатын бағдарламалар, мысалы «Наурыз» бағдарламасы, яғни әр бағдарламаға өтінімді қабылдаған сайын ол да өтімділікті арттырады. Нарықтық экономика болғаннан кейін, сұраныс болғаннан кейін баға да артады», — деді  депутат. 

Айта кетейік, бұған дейін өнеркәсіп және құрылыс министрлігі нарықтағы тұрғын-үй бағасына қатысты пікір білдірген еді. Ол ведомствоның жеке құрылыс компанияларының баға саясатына араласа алмайтынын мәлімдеген еді. 

Оқу үшін