NoFake

Трамп «парацетомол аутизм тудырады» деп мәлімдемеді

Коллаж: nofake.kz/

Коллаж nofake.kz/

Әлеуметтік желілерде “Трамп парацетомол (Tylenol) жүктілік кезінде аутизмге себеп болады деп мәлімдеді” деген ақпарат тарап жатыр.

nofake.kz/ тілшісі бұл деректі тексерді.

Не белгілі?

The Washington Post жазғандай, Дональд Трамп әкімшілігі жүктілік кезінде ацетаминофен қолданудың ықтимал қауіптілігі туралы ресми мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр. Алайда әзірге мұндай мәлімдеме жасалған жоқ. Бұл – тек дайындықтағы бастама. Әлемдік басылымдар Politico, The Guardian және Reuters та бұл тақырыпты “жоспарланып жатқан” іс-шара ретінде сипаттап отыр.

Ғылыми деректер не дейді?

Harvard және Mount Sinai ғалымдарының мета-талдауы жүктілік кезінде ацетаминофен қабылдаған аналардың баласында аутизм немесе ADHD даму қаупі жоғары болуы мүмкін екенін көрсетті. Бірақ бұл тек статистикалық байланыс, себеп-салдар дәлелденбеген. Швецияда 2,4 миллион балаға жүргізілген зерттеу “сиблинг-бақылау әдісін” қолданғанда ацетаминофен мен аутизм арасында нақты байланыс табылмағанын көрсетті.

Маман пікірлері

АҚШ-тың ана мен ұрық медицинасы қоғамы (SMFM) дәлелдер жеткіліксіз екенін, ацетаминофенді жүктілік кезінде тек қажет болғанда және дәрігер кеңесімен қолдану керектігін айтады. Science Media Centre сарапшылары да асыра айтылған болжамдар аналарды негізсіз қорқытуы мүмкін екенін ескертті.

АҚШ әкімшілігі жүктілік кезінде Tylenol қолдану мен аутизм арасындағы ықтимал байланысқа қатысты мәлімдеме әзірлеп жатыр. Бұл туралы Washington Post және өзге сенімді басылымдар жазды. Бірақ “Трамп ресми түрде парацетомол аутизм тудырады деп мәлімдеді” деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Оқу үшін