Президент күштік құрылымдарға инфрақұрылым қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды

Фото: Aqorda
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі тіршілікті қамтамасыз ететін стратегиялық нысандардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырды, деп хабарлайды NoFake.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
«Мемлекет басшысы Премьер-министрге, күштік құрылымдардың басшыларына, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры мен ұлттық компаниялардың жетекшілеріне, сондай-ақ аймақ әкімдеріне тіршілікті қамтамасыз ететін нысандардың, көлік, энергетика және коммуналдық инфрақұрылымның, соның ішінде әуежайлардың, теңіз және өзен порттарының қауіпсіздік шараларын күшейтуді тапсырды», – деді Айбек Смадияров.
Оның айтуынша, аталған жұмысты үйлестіру Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысына жүктелген.


