NoFake

Тоқаев мерзімінен бұрын қызметінен кетсе орнына кім отырады

WhatsApp Image 2026 01 20 at 14.03.49

Фото: Akorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мерзімінен бұрын қызметінен кетсе, орынына кім отыратынын түсіндірді, деп хабарлайды nofake.kz/.

Ол Президент өз міндетін атқара алмайтындай оқыс жағдай туындаса, оның өкілеттігі қалған мерзімге Сенат төрағасына берілетінін атап өтті.

«Егер Сенат төрағасының мемлекетті басқаруға мүмкіндігі болмаса, президент өкілеттігі белгіленген тәртіпке сәйкес тиісті лауазым иелеріне өтеді. Бұл ретте мәселенің бәрі «қалған мерзімге» деген сөзге келіп тіреледі. Осы мәселені ерекше атап өткен жөн: қалған мерзім 6 айға да, 6 жылға да созылуы мүмкін. Сондықтан мемлекет басшысы мерзімінен бұрын қызметтен кетсе, екі айдың ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтуі тиіс деген норма негізгі заңда нақты бекітілуі қажет. Бұл қадам халықаралық озық тәжірибеге сай келеді. Еліміздің кез келген басшысы билікке сайлау арқылы, яғни заңды түрде келуі керек. Бұл мен үшін өзгермейтін, маңызды ұстаным. Осы норма мемлекет басшылары үшін де ешқашан өзгермейтін қағида болуға тиіс», — деді ол.

Еске салсақ, бүгін Қызылордада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен бесінші Ұлттық құрылтай өтті. Оған бірқатар қоғам белсенділері мен депутаттар, БАҚ өкілдері қатысты.

Оқу үшін