NoFake

Тоқаев Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты бірқатар тапсырма берді

Фото: Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке Ирандағы ахуалға байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетовке күштік құрылымдар мен салалық министрліктердің жетекшілерімен бірге Ирандағы ахуалдың ушығуына және еліміздегі тұрақтылыққа қатер төндіру ықтималдығына байланысты шұғыл шаралар жоспарын әзірлеуді тапсырды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі — Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасымен барлық күштік құрылымдар тәуліктік жұмыс кестесіне көшірілді. Үкіметте Сыртқы істер министрлігі жетекшілік жасайтын арнайы мониторинг тобы жұмысқа кірісті», — деп жазды ол өзінің Telegram парақшасында.

Сондай-ақ, ол Президент өңір әкімдеріне Таяу Шығыста болып жатқан жағдайды ескере отырып, шешім қабылдауды тапсырғанын атап өтті.

Оқу үшін