NoFake

Тоқаевтың Трамппен түскен суреті фейк емес

Руслан Желдібайдың парақшасынан

Президенттің көмекшісі-Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай өзінің Facebook-тегі аккаунтында жарияланған суреттің астына күмән келтіріп пікір қалдырғандарға: «Әрине, рас фото» деп жауап берген.

Өйткені қазір Қасым-Жомарт Тоқаев пен АҚШ Президенті Дональд Трамптың қол алысқан суреті жасанды интеллект арқылы жасалған сияқты деген пікірлер айтылып жатыр.

Скрин әлеуметтік желіден

Мемлекет басшысы 20-24 қыркүйек аралығында Нью-Йоркте өткен БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының жалпы дебатына қатысып, сөз сөйлеген. Осы сапар аясында бірқатар маңызды кездесулер өткізген. Соның бірі – АҚШ Президентімен болған кездесу.

Оқу үшін