NoFake

ІІМ түнде «сағатына 66 км жылдамдық» болады деген ақпаратты жоққа шығарды

66 (2)

Коллаж: nofake.kz/

Әлеуметтік желіде түнгі сағат 00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны туралы ақпарат тарады. ІІМ аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды nofake.kz/ порталы.

Азаматтар түнгі сағат 00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны туралы ақпаратты естіп, дабыл қағып жатыр. Желіде тіпті осы жылдамдықты сақтамаған жағдайда 19 000 теңге көлемінде айыппұл салынады деген хабарлама тараған.

Снимок экрана 2025 12 02 в 10.15.45
Скриншот хабарламадан

ІІМ аталған жайтқа қатысты ресми түсініктеме берді.

«00:00-ден кейін рұқсат етілген жылдамдық 66 км/сағ болатыны» жөнінде таралып жатқан хабарлама фейк. Мұндай өзгерістер енгізілген жоқ. Елді мекендерде жеңіл автокөліктер үшін рұқсат етілген стандартты жылдамдық — 60 км/сағат. Камералар жылдамдықты 70 км/сағ және одан жоғары болған кезде ғана тіркей бастайды. Тексерілмеген хабарламаларға сенбеңіздер, ресми ақпаратқа жүгініңіздер. Жол жүрісі қағидаларын сақтап, мұқият болыңыздар», — деп жазылған хабарламада.

Оқу үшін