Threads-гі манипуляция, науқандық фейк пен ҚҚС — апталық шолу
Коллаж: nofake.kz/
Әлеуметтік желілерде, әсіресе Threads платформасында, соңғы күндері бірсарынды посттар мен пікірлер көбейіп кетті. Онда ҚҚС-тың көтерілуіне байланысты елімізде азық-түлік бағасы ондаған пайызға өсіп, қаңтардан бастап жаппай қымбатшылық басталды деген пікір айтылады.
Бұл расында солай ма? Әлде кейбіреулер қоғамның алаңдаушылығын өз мүддесіне пайдаланып отыр ма? nofake.kz/ апталық шолуында осы мәселені талдап көрдік.