NoFake

Тегін білім беру Конституцияда сақталады — Депутат Смирнова

Photo 2026 01 28 16 58

Фото: Mazhilis

ҚР Мәжіліс депутаты Конституциядағы тегін білім беруге қатысты пікірімен бөлісті, деп хабарлайды nofake.kz/.

Депутат азаматтар арасында кеңінен талқыланып жатқан «тегін білім беру және тегін медициналық қызмет көрсету» туралы бапты түсіндірді.

«Білім беру саласы да денсаулық саласы сияқты. Біз көп жерде «тегін» деген сөзді көруге үйренгенбіз. Конституциядағы бапта бастауыш және орта білім беру міндетті екені және мемлекетпен қамтамасыз етілетіні анық жазылған. Әрине мемлекет онымен тегін қамтамасыз ететіні түсінікті. Сонымен бірге «Қазақстан халық партиясы» Конституциялық комиссияға бәрі түсінікті болуы үшін «тегін» сөзін қалдыру туралы сұраным жолдады. Немесе тегін білім беруді қалдыру үшін, Конституцияға қазіргіден де ұғынықты түсініктеме жазу туралы өтініш айтты», — деді ол.

Айта кетейік, бүгін Мәжіліс кулуарында депутат Айдос Сарым Жаңа Конституциядағы «Халықаралық келісім» жайлы бапты түсіндірген еді. Сонымен бірге, Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек халық арасында қызу талқыланып жатқан жерді шетелдіктерге сату туралы ойын ашық айтқан болатын.

Оқу үшін