Таяу Шығыстағы қазақстандықтар тегін ұялы байланыспен қамтылады

Фото: depositphotos
Қазақстан Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтарды қолдау үшін арнайы байланыс пакеттерін іске қосты. Бұл туралы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды NoFake.kz.
Министрліктің мәліметінше, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты шетелде жүрген қазақстандықтардың жақындарымен тұрақты байланыста болуы маңызды. Осыған орай ұялы байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы байланыс пакеттері іске қосылған.
Бұл пакеттер Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтарға интернет пен қоңырауларды тегін пайдалануға мүмкіндік береді.
«Қазіргі жағдайда шетелде жүрген азаматтардың жақындарымен байланыста болып, мемлекет қолдауын сезінуі аса маңызды. Осыған байланысты байланыс операторларымен бірлесіп, қысқа мерзім ішінде арнайы пакеттер іске қосылды», – деп хабарлады Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі.
Ведомство азаматтарды Қазақстанның ресми қызметтері мен елшіліктерінің ұсынымдарын ұстануға және жеке қауіпсіздікке назар аударуға шақырды.


