Тарихи-мәдени нысандарды жасанды интеллект бақылайды

Коллаж nofake.kz/
Еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерге смарт-бокс пен жасанды интеллект арқылы бейнебақылау орнатылады. Цифрлық бақылау келушілерден түскен садақа мөлшерін онлайн режимде көруге мүмкіндік береді.
Қазір «Арыстанбаб», «Қарахан», «Айша бибі», «Отырар» және «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне смарт-бокс орнатылған. Келесі жылы «Берел», «Сарайшық», «Гаухар ана кесенесі», «Үкаша ата кешені» сияқты 8 нысанға да жұрт QR-билетпен кіреді.
ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетовтың айтуынша, жаңа цифрлық технологиялар нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттырып қана қоймай, түскен қаржыны ашық бақылауға мүмкіндік береді.


