NoFake

Таиландтағы су тасқыны туралы видео – жалған, ЖИ көмегімен жасалған

Скриншот

Facebook пен Instagram желісінде Таиландтағы су тасқыны туралы жалған видео тарады, деп хабарлайды NoFake AFP агенттігіне сілтеме жасап.

Facebook желісінде кхмер тілінде жарияланған жазбада:

«Таиландта көптеген адам жоғалып кетті. Енді оларды құтқарушылар өзен жағалап ұшақпен іздеп жүр» — деп жазылған.

Видеода суға батқан үйлер мен шатырда құтқарушыларды күтіп отырған адамдар көрсетілген.

Вьетнамда  тропикалық дауыл  200 мыңнан астам үйді зақымдады, ел бойынша кемінде 50 адам қаза тапты. Су тасқыны мен толассыз жауын салдарынан Камбоджада 33 мыңнан астам отбасы зардап шекті, мыңдаған үй эвакуацияланды.

Табиғи апаттарды азайту және алдын алу департаменті мәліметінше, Чао Прайя өзені бойындағы бірнеше провинцияда 260 мыңнан астам адам су тасқынынан зардап шеккен.

Алайда AFP агенттігі табиғи апатқа қатысты видеоларды жоққа шығарды. Жалған ақпаратты Facebook пен Instagram желілерінде Камбоджа азаматтары таратқан, ал Вьетнамда Facebook қолданушылары скриншотпен бөлісіп, оны Тханьхоа провинциясындағы су тасқыны деп көрсеткенін жазды.

Өйткені видеода «Google AI көмегімен жасалған» деген белгі бар.

Google компаниясы 2025 жылдың мамырында іске қосқан SynthID детекторы — жасанды интеллект көмегімен жасалған контентті анықтайтын құрал — бұл видеода цифрлық таңба бар екенін және оның Google-дың генеративті моделін пайдалану арқылы жасалғанын көрсетті.

Видеоның төменгі оң жақ бұрышындағы жұлдызша белгісі оның Google-дың жасанды интеллектке негізделген Gemini көмекшісімен жасалғанын білдіреді.

Сондай-ақ, видеоны талдау барысында  визуалдық сәйкессіздіктер анықталды: адамдардың беті бұрмаланған, дененің пропорциясы сақталмаған және ақ жейде киген ер азаматың қимылы жасанды, ал кадрдағы басқа элементтер қозғалмайды.

Оқу үшін