Архивы Фейк - NoFake

«Береке» үйіндегі өрт: өрттің пластик бөтелке үшін тұтанғаны туралы ақпарат расталмады
Астана қаласының ТЖД «Береке» тұрғын үй кешенінде болған өрттің күн сәулесінің астында қалған пластик су бөтелкелерінен шыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Мессенджерлерде тараған хабарламада күннің астында қалған пластик су бөтелкелері «шыны секілді әсер етіп», соның салдарынан пәтерде өрт тұтанып, кейін жалын көрші балкондарға тарағаны айтылған. Сондай-ақ хабарламада азаматтарға күннің астында су бөтелкелерін, шыны заттарды және электрондық құрылғыларды қалдыруға болмайтыны туралы жазылған.

Скриншот: WatsApp әлеуметтік желісі

ТЖД мәліметінше, 2026 жылғы 23 маусымда Отырар көшесі, 18 мекенжайында орналасқан «Береке» тұрғын үй кешенінде шынымен өрт болған. Жалпы аумағы 40 шаршы метрді құраған тілсіз жау бірнеше балконды шарпыған.

«Зардап шеккендер жоқ. ТЖД қызметкерлері құтқару маскаларының көмегімен төрт адамды, оның ішінде бір баланы құтқарды. Он адам эвакуацияланды, тағы 40 тұрғын ғимараттан өздігінен шықты. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», – деп хабарлады ведомство.

Сонымен қатар құтқарушылар пластик су бөтелкелерінен өрт шыққаны туралы ақпараттың ресми түрде расталмағанын атап өтті.

«Пластик су бөтелкелерінен өрт шыққаны туралы ақпаратқа келсек, қазіргі уақытта бұл деректі растайтын нақты фактілер жоқ», – деді ТЖД өкілдері.

Сонымен бірге ведомство аптап ыстық кезінде балкондарда тез тұтанатын сұйықтықтарды, аэрозольді және газ баллондарын, қағаз, картон және өзге де жанғыш материалдарды сақтамауға кеңес берді. Сондай-ақ ТЖД балкондарды артық заттардан босатып, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

Сообщение «Береке» үйіндегі өрт: өрттің пластик бөтелке үшін тұтанғаны туралы ақпарат расталмады появились сначала на NoFake.

Шетелдік студенттерге жатақхана берерде жеңілдік бар – жалған
ҚР ҒЖБМ «шетелдік студенттерге жатақхана берерде қандай да бір артықшылықтар беріледі» деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

ҚР ҒЖБМ Жоғары және ЖОО-дан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары  Ақерке Абылайханның айтуынша, министрлік студенттерге жатақхана үлестірудің арнайы ережесін бекіткен.

«Студент жастарды жатақханамен қамтамасыз етудің арнайы ережесі бекітілген. Бұл жерде ең бірінші кезекте университет жанындағы жатақханаларда орындар жетім балаларға, мүгедектігі бар немесе ата-анасының мүгедектігі бар, «Серпін» бағдарламасымен басқа өңірлерден келген жастарға басымдықтар беріледі. Мұның барлығы кезең-кезеңімен арнайы бұйрықта көрсетілген. Сондықтан шетелдік жастарға жатақхана берерде артықшылықтар беріледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды», — деп түсіндірді ол.

Сонымен бірге ол үлкен қалаларда жатақхана ең алдымен ауылдан келген жастарға берілетінін растады.

«Жалпы жатақханаға байланысты көп сұрақ туындайды. Жатақхана кімге керек? Жатақхана ауылдан келген жастарға керек. Әке-шешесі қалаға үкілеп, армандап келе жатқан жастарға керек. Сондықтан бірінші курстың жастарын университет жатақханаларына жатқызамыз», — деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, бұған дейін министрлік өкілдері еліміздегі ірі қалалардағы ЖОО-на тиесілі жерлердің қайтарылуы туралы хабарлаған еді.

Сообщение Шетелдік студенттерге жатақхана берерде жеңілдік бар – жалған появились сначала на NoFake.

Күннен қорғайтын крем рак клеткаларын оята ма
Интернетте күннен қорғайтын кремнің ағзаға әсеріне қатысты нақты зерттеу материалдары жарияланды, бірақ әлеуметтік желідегі кейбір жазба арнайы зерттеу шеңберінен асып түседі. «Күннен қорғайтын крем 24 сағаттан аз уақытта қанға түседі де,  D витаминін блоктап, ағзадағы рак клеткаларын оятады» деген қауесет тарап жатыр, — деп хабарлайды NoFake.kz Snopes сайтына сілтеме жасап.

Күннен қорғайтын кейбір химиялық ингредиент тері арқылы ағзаға сіңіп, қан құрамынан табылуы мүмкін. Бұл мәлімдеме АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) зерттеушілерінің 2019 және 2020 жылдары JAMA медициналық журналында жариялаған нақты зерттеулеріне негізделген.

Дегенмен, бұл зерттеулер күннен қорғайтын кремнің қатерлі ісік тудыратынын, иммундық жүйені зақымдайтынын немесе ағзаның ракқа қарсы қорғанысын жоятынын дәлелдеген жоқ. JAMA журналының 2020 жылғы зерттеуінде оның нәтижелері адамдарды күннен қорғайтын кремді қолданудан бас тартуға үгіттемейтіні нақты көрсетілген. Дегенмен биыл маусымда интернетте «күннен қорғайтын крем 24 сағаттан аз уақытта қанға өтіп, ағзаның табиғи қорғаныс механизмдерін бұзып, рак клеткаларын оятады» деген мәлімдеме кеңінен тарады.

Бұл мәтіннің түрлі нұсқасы Facebook, X (Twitter) және Telegram арналарында тарады. Бірнеше нұсқада күннен қорғайтын крем шығаратын «топ-3 өндірушінің бірінде» жұмыс істеген «бұрынғы химик-рецептордың» анонимді цитатасы қолданылған. Snopes мұндай химиктің барын және аталған компания туралы  ешқандай дәлел таппаған.

Қысқасы, әлеуметтік желідегі мәлімдемеде нақты ғылыми тұжырымдар бар, бірақ олардан негізсіз қорытынды жасалған.

АҚШ-тың Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) зерттеушілерінің JAMA рецензияланатын медициналық журналында жарияланған зерттеулері күннен қорғайтын кремдердің бірнеше химиялық ингредиентін қолданғаннан кейін қаннан анықтауға болатынын көрсетті. Агенттік кейбір ингредиенттің қауіпсіздігі туралы қосымша мәліметтер сұратты. Күннен қорғайтын кремнің рак тудыратынын немесе ағзаның ракқа қарсы табиғи қорғанысын жоятынын көрсететін дәлелдер жоқ. Денсаулық сақтау органдары күннен қорғану үшін кремді қолдануға кеңес береді.

Сондықтан біз бұл мәлімдемені «жалған» деп бағаладық. Америкалық дерматология академиясы (AAD) Snopes-ке жолдаған электронды хатында «күннен қорғайтын крем қатерлі ісік тудыратынына ешқандай дәлел жоқ» екенін, ал қорғаныссыз күн көзінде жүру мен тері обрының (соның ішінде базальды жасушалы карцинома, жалпақ жасушалы карцинома және меланома) арасындағы байланыс ғылыми тұрғыдан бұрыннан дәлелденгенін мәлімдеді, — деп жазды Snopes.

Қорытынды

Күннен қорғайтын кремнің рак тудыратыны туралы ешқандай дәлел жоқ. Теріні қорғау үшін SPF 30 және одан жоғары кең спектрлі кремдерді пайдалану, көлеңкеде жүру және қорғаныс киімдерін кию әлі де ең тиімді қорғаныс жолы болып қала береді.

Сообщение Күннен қорғайтын крем рак клеткаларын оята ма   появились сначала на NoFake.

Алаяқтар Алагөзовтар атынан «қор ашып», жалған инвестиция ұсынады
Желіде танымал продюсер Баян Алагөзова мен оның күйеуі Тұрсын Алагөзовтың атын пайдаланып, азаматтарды сан соқтырып жүрген алаяқтар туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды NoFake.kz.

Танымал тележүргізуші Айгүл Мукей өзінің Instagram парақшасында құрбысының алаяқтардың тұзағына түсе жаздағанын айтып, бейнеүндеу жариялады. Бұл видеоны продюсер Баян Алагөзованың өзі де парақшасындағы “стористе” жариялады.

Скрин Баян Алагөзованың парақшасынан

Белгісіз біреулер Telegram желісінде жалған аккаунттар ашып, халыққа ертегідегідей өмір уәде еткен.

«Маған бір таныс әйел телефон соғып: «Айгүл, сен Баян Алагөзова мен оның жұбайын танисың ба? Мен Баянмен сөйлескім келеді. Себебі мен Алагөзовтер отбасының қорына жүгінген едім», — дейді. Сол сәтте мен: «Тоқта! Қандай Алагөзовтер отбасының қоры? Не туралы айтып тұрсың?», — дедім. Оған “Алагөзовтер отбасының қорынан” хабарласып: «Алагөзовтер отбасылық қоры ваучерлік инвестицияға қатысу үшін 13 орын бөледі. Орташа табыс 500 000 теңгеден 800 000 теңгеге дейін жетеді. Баян Мақсатқызы әрбір қатысушыға жеке өзі қолдау көрсетеді» деп жазған екен», — дейді журналист.

Видео астындағы пікірлерге мән берсек, дәл осындай алаяқтық ұсынысқа сеніп, ақша аударған  адамдар бар екенін көреміз.

Скрин әлеуметтік желідегі пікірлерден

Алаяқтар сенімділікті арттыру үшін арнайы чаттар ашып, оған тізімге ілінген өзге де «бақытты жандардың» суреттері мен жалған оқиғаларын жүктеп отырған. Ал ең қызығы — жобаға қатысқан 13 адамның барлық шығынын танымал отбасы өз мойнына алады деп сендірген.

«Ары қарай не уәде етеді дейсіз ғой? Коммуналдық қызметтердің ақысын 5 жыл бойы толық төлеп беру, 5 жылға толық медициналық қолдау, ота жасату, сақтандыру, чекаптар — бәрін-бәрін тегін жасау. Мұны Баян Алагөзова мен күйеуі Тұрсен жеке өздері қадағалайды-мыс. Мен сіздерге айтқым келетіні — бұның бәрі өтірік. Олардың ешқандай қоры жоқ», — деп дабыл қақты Айгүл Мукей.

Тележүргізуші өз сөзінде қанша жерден ақылды, көзі ашық азамат болса да, танымал есімдерді көргенде адамдардың психологиялық тұрғыдан алданып қалатынын жеткізді. Ол желі қолданушыларын кез келген ақпаратты ресми дереккөздерден тексеруге шақырды.

«Тіпті олар болмаса да, ешқандай танымал адамның тегіне алданбаңыздар. Ешкім сіздерге тегін ота жасап бермейді, әсіресе коммуналдық қызметтеріңізді төлемейді. Өтінемін. Қымбатты бауырларым, жастар мен үлкендер, өтінемін, мұндай ақпаратқа сенбеңіздер. Мен сіздерді сақтандырғым келеді. Аман-сау болайық!», — деп сөз қорытты тележүргізуші.

Расымен алаяқтар танымал адамдар мен компаниялардың беделін өз мақсаттарына жиі пайдаланады. Сондықтан кез келген өте тиімді ұсынысқа үлкен күмәнмен қараған жөн.

Сообщение Алаяқтар Алагөзовтар атынан «қор ашып», жалған инвестиция ұсынады появились сначала на NoFake.

Бизнеске банк аударымы арқылы төлем жасауға тыйым салынады — фейк
Әлеуметтік желіде 19 шілдеден бастап бизнес өкілдеріне банк аударымдары арқылы төлем жасауға тыйым салынатыны туралы ақпарат тарады. Nofake.kz мәселенің мән-жайын анықтап көрді.

Facebook әлеуметтік желісінде «Kaspi» мобильдік қосымшасында 19-шы шілдеден бастап аударым болмайтынын, жалпы бизнес өкілдеріне төлем ретінде аударым жасауға тыйым салынатыны туралы пост жарияланды.

Скриншот: Facebook әлеуметтік желісінен

«Kaspi» банк не дейді?

Nofake.kz аталған мәселе бойынша, алдымен Kaspi банкіне хабарласты. Ондағылар аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«Жоқ, 19 шілдеден бастап Kaspi.kz-тағы аударымдар жұмысын тоқтатады деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Kaspi.kz-тің барлық сервистері, соның ішінде клиенттер арасындағы аударымдар, штаттық режимде жұмысын жалғастыра береді.19 шілдеде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №388 қаулысы күшіне енеді. Ол тауарлар мен қызметтерге төлем жасауға қатысты: кейбір кәсіпкерлер тек банктік карталар арқылы ғана емес, сонымен қатар QR-код арқылы да төлем қабылдауға міндетті болады.

Бұл өзгерістер клиенттер арасындағы аударымдарға қатысты емес және Kaspi.kz сервистерін өшіруді көздемейді», — делінген банк хабарламасында.

Ұлттық банк түсініктемесі

Аталған ақпаратты ҚР Ұлттық банкі де растады.

«Банктер туралы жаңа заңға енгізілген заңнамалық түзетулер аясында (ҚР 2026 жылғы 16 қаңтардағы №259-VIII ҚРЗ «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу және дамыту, байланыс және банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы) халыққа бөлшек төлем қызметтерін көрсететін барлық банктерді Банкаралық мобильді төлемдер жүйесіне қосу көзделген. Аталған түзетулер 2026 жылғы 18 шілдеден бастап күшіне енеді», — делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық банкі осыған байланысты банктер осы мерзімге дейін барлық техникалық жетілдірулер мен тестілеуді аяқтап, жүйеге қосылуды қамтамасыз етуі тиіс екенін мәлімдеді.

«Банкаралық QR-төлемдерді енгізудің мақсаты – әртүрлі банктердің клиенттерінен төлемдерді бірыңғай инфрақұрылым арқылы қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз ету. Бұл сауда кәсіпорындарына көптеген жеке шешімдерге тәуелділікті азайтуға және әлеуетті сатып алушылар шеңберін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, нақты сауда нүктесіндегі терминалдардың саны бұрынғыдай кәсіпкердің өзі мен банктердің қызмет көрсету шарттарына байланысты айқындалады» — деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

Ведомство технологиялық тұрғыдан алғанда, банкаралық QR әртүрлі банктердің клиенттерінен төлемдерді бірыңғай өзара іс-қимыл арнасы арқылы қабылдауға мүмкіндік беретінін және бұл болашақта бірнеше құрылғыны пайдалану қажеттілігін азайтатынын атап өтті.

Өзге де екінші деңгейлі банктердегі аударым мәселесі не болады?

Көргеніміздей, аударым тек бір ғана «Kaspi» емес, барлық банк қосымшаларына қатысты болуы мүмкін. Сол себепті «Елімізде расымен 19-шы шілдеден бастап бизнеске банк аударымдары арқылы төлем жасауға тыйым салына ма?» деген сауалды да анықтадық. Ол үшін ҚР Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарласып көрдік.

«Жоқ, бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. 2026 жылғы 19 шілдеден бастап банк аударымдары арқылы төлем қабылдауға тыйым салынбайды. Қазақстан Республикасының 2026 жылғы 16 қаңтардағы №259-VIII ҚРЗ Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 13 мамырдағы қаулысына сәйкес, төлем карточкаларын және (немесе) жедел төлемдер жүйесін пайдалана отырып, қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті қызмет түрлерінің тізбесі кеңейтілді», — деп жазылған комитет хабарламасында.

МКК тізімге қосымша төмендегі қызмет түрлері енгізілгенін хабарлады:

• пошта және курьерлік қызмет;

• шаштараздар мен сұлулық салондарының қызметтері;

• мамандандырылған дизайнерлік қызмет;

• ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру қызметі.

«Тізбенің кеңейтілуі аталған салалардағы кәсіпкерлік субъектілерінің санының өсуіне және олардың қызметтеріне халық сұранысының жоғары болуына байланысты. Аталған норма жалпыға ортақ телекоммуникация желісі жоқ жерлерде орналасқан стационарлық емес сауда объектілері арқылы жүзеге асырылатын қызметке қолданылмайтынын атап өткен жөн», — деп түсіндірді ведомство өкілдері.

Түйін

Сонымен, әлеуметтік желіде тараған «19 шілдеден бастап бизнеске банк аударымдары арқылы төлем жасауға тыйым салынады» және «Kaspi аударымдары тоқтайды» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.

Kaspi банкі, Ұлттық банк және Мемлекеттік кірістер комитеті аударымдарға ешқандай тыйым салынбайтынын ресми түрде растады. 19 шілдеден бастап күшіне енетін өзгерістер тек кейбір кәсіпкерлер үшін қолма-қол ақшасыз төлем қабылдау тәсілдерін кеңейтуге қатысты. Атап айтқанда, бірқатар қызмет түрлерінің өкілдері банк карталарымен қатар QR-код және жедел төлем жүйесі арқылы да төлем қабылдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті болады.

Сонымен бірге, банкаралық QR-төлемдерді енгізу әртүрлі банктердің клиенттеріне төлемдерді бірыңғай инфрақұрылым арқылы жүзеге асыруға мүмкіндік береді және кәсіпкерлер үшін төлем қабылдау процесін жеңілдетуге бағытталған.

Осылайша, 19 шілдеден бастап банк аударымдарына немесе Kaspi қызметіне тыйым салынады деген ақпарат – фейк.

Сообщение Бизнеске банк аударымы арқылы төлем жасауға тыйым салынады — фейк появились сначала на NoFake.

«Әділет» партиясы мұғалімдерді мәжбүрлеп қатарына қосып жатыр — фейк
Мұғалімдердің «Әділет» партиясына міндетті түрде мүше болуы керек екендігі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды NoFake.kz.

Әлеуметтік желілерде мұғалімдер «Әділет» партиясына міндетті түрде кіруі тиіс, ал бас тартқан жағдайда жұмыстан шығарылады деген ақпарат пайда болды.

Партияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарып, саяси ұйымға мүше болу ерікті түрде жүзеге асатынын мәлімдеді.

«Әділет» партиясы бұл ұйымның оның құндылықтарын бөлісетін және елдің қоғамдық-саяси өміріне белсене араласатын азаматтардың басын қосатынын атап өтті.

«Партияға кіруге мәжбүрлеудің кез келген фактісіне жол берілмейді», — деп атап өтті баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, партия мұндай жағдайлар орын алса, растайтын материалдарды info@adilet-partiyasy.kz ресми электрондық поштасына жолдау арқылы хабарлауға шақырды.

Бұған дейін «Әділет» партиясы әлеуметтік желілерде оның атауы мен нышандарын (символикасын) қолданатын жалған (фейк) аккаунттардың таралып жатқанын мәлімдеген болатын. Ұйым өкілдері мұндай парақшалардың партияға ешқандай қатысы жоқтығын және қолданушыларды адастыруы мүмкін екенін ескертті.

Сообщение «Әділет» партиясы мұғалімдерді мәжбүрлеп қатарына қосып жатыр — фейк появились сначала на NoFake.

Қостанайдағы автотұрақ құрылысының бюджеті Рудный бюджетінен 13 есе көп – фейк
Отандық БАҚ беттерінде Қостанадайғы автотұрақ құрылысына кететін бюджет мөлшері  Рудный қаласының бюджетінен 13 есе көп деген мақала жарияланды. Nofake.kz аталған мәселені зерттеп көрді.

БАҚ-та жарияланған мақалаға – «Қостанайда автотұрақ құрылысына Рудныйды дамытуға бөлінген қаржыдан 13 есе көп қаражат бөлінді» деген тақырып қойылған.

Скриншот: Отандық БАҚ

Көпшілікті қарапайым автотұрақ құрылысына расымен «Рудный қаласының бюджетінен 13 есе көп» қаражат бөліне ме деген сауал мазалаған.

Скриншот: әлеуметтік желіден

Автотұрақ құрылысына расымен 368 млн теңге жұмсала ма?

Nofake.kz мәселенің мән-жайын білу үшін, Қостанай облысының әкімдігіне хабарласты. Әкімдік аталған мақалада көрсетілгендей автотұрақ құрылысына расымен бюджеттен 368 млн теңге қаражат қарастырылатынын растады. Мұндай қомақты қаржыны әкімдік автотұрақтың өңірдегі ең ірі – «Осьминог» окенариумы құрылысымен байланыстырды. Себебі, автотұрақ дәл осы окенариумға тиесілі болады. Мамандар океанариум құрылысына мақалада көрсетілген — 1,5 млрд теңгенің қате сома екенін атап өтті.

Скриншот: отандық БАҚ

Әкімдік «Осьминог» окенариумының құжатын ұсынып, онда бюджеттен жобаға 11,2 млрд теңге қарастырылғанын жеткізді.

Скриншот: Әкімдік ұсынған жобаның паспорты

«Жоба 180 автотұрақ орнынан бөлек, аумағы 5 мың ш.м. болатын саябақ аймағын, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған орындарды және электрлі әрі гибридті көліктерді қуаттауға арналған 20 орынды қамтитын заманауи автотұрақ аймағын құруды көздейді», — деп түсіндірді әкімдік мамандары.

Одан бөлек, аталған сомаға кіреберіс жолдар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын салу, аумақты абаттандыру және көгалдандыру, сыртқы жарықтандыруды ұйымдастыру, сондай-ақ қажетті инженерлік инфрақұрылымды құру көзделген.

«Атап айтқанда, жоба аясында трансформаторлық қосалқы станция орнату, қуаттау станциялары мен сыртқы жарықтандыруды қамтамасыз ету үшін жалпы ұзындығы 1 шақырымнан асатын электрмен жабдықтау кабельдік желілерін тарту көзделген», — деді мамандар.

Осылайша, облыс әкімдігі жобаның құны тек автотұрақ орындарын салу есебінен ғана емес, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандарды қоса алғанда, аквапарк келушілерінің қауіпсіз әрі жайлы демалуын қамтамасыз ететін толыққанды инженерлік, көліктік және әлеуметтік инфрақұрылымды, сондай-ақ электр көлігіне арналған инфрақұрылымды дамыту есебінен қалыптасатынын түсіндірді.

Автотұрақ құрылысына жұмсалатын 368 млн теңге Рудный бюджетінен 13 есе көп пе?

Сонымен, автотұраққа расымен бюджеттен 368 млн теңге бөлінетініне көз жеткіздік. Енді бұл сома тұтас «Рудный қаласының бюджетінен 13 есе көп қаражат па?» деген мәселені зерттеп көрдік.

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 188 шешіміне сәйкес, Рудный қаласының 2025-2027 жылдарға арналған қалалық бюджеті — 51 502 162 теңгені құрайды.

Скриншот: adilet.zan.kz

Демек, мақалада көрсетілген автотұрақ құрылысына кететін  368 млн теңге тұтас «Рудный» бюджетінен 13 есе көп деген ақпарат – жалған.

«Мақаладағы автотұраққа кететін қаражат тұтас «Рудный» қаласының дамуына кететін бюджеттен 13 есе көп деген түсінік – қате. БАҚ өкілі тек бір реттік траншпен салыстыруы мүмкін. Алайда, тұтас қаланың бюджеті ондай аз сома болмайтыны анық», — деп түсіндірді әкімдік мамандары.

Түйін

Сонымен, Қостанайдағы автотұрақ құрылысына 368 млн теңге бөлінетіні рас. Алайда бұл қаражат қарапайым автотұрақ орындарын салуға ғана емес, сонымен бірге инженерлік желілерді тартуға, жолдар мен жаяу жүргіншілер аймақтарын салуға, аумақты абаттандыруға, мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасауға және электр көліктеріне арналған инфрақұрылымды дамытуға бағытталған.

Сонымен қатар, «автотұрақ құрылысына бөлінген қаржы Рудный қаласының бюджетінен 13 есе көп» деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Рудный қаласының 2025 жылға арналған бюджеті 51,5 млрд теңгені құрайды, сондықтан 368 млн теңгені тұтас қаланың бюджетінен бірнеше есе көп деп көрсету – деректерді қате салыстырудың нәтижесі.

Осылайша, БАҚ-та тараған «Қостанайдағы автотұраққа Рудный қаласының бүкіл бюджетінен 13 есе көп қаржы бөлінді» деген ақпарат – фейк.

Сообщение Қостанайдағы автотұрақ құрылысының бюджеті Рудный бюджетінен 13 есе көп – фейк появились сначала на NoFake.

Әлем чемпионатындағы Гитлердің фотосы — фейк
Футболдан Әлем чемпионаты кезінде мінбеде Адольф Гитлердің костюмін киіп отырған неміс фанаты бейнеленген фотосурет — фейк деп хабарлайды NoFake.kz  AFP агенттігіне сілтеме жасай отырып.

АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының алғашқы күндерінен бастап-ақ желіде түрлі елдің ерекше киінген жанкүйерлерінің суреттері қаптап кетті. Алайда, солардың ішінде «Гитлер Германияның ең адал жанкүйерлерінің бірі болған», деген сипаттамамен Х  әлеуметтік желісінде  жарияланған сурет көпшіліктің талқысын тудырды. Фотода Германия құрамасының жейдесін киген жанкүйерлердің арасында Адольф Гитлерге  тән шаш үлгісі мен танымал шаршы мұрты бар ер адам бейнеленген.

Бұл фейк сурет Facebook, Instagram, Threads және Reddit платформаларында албан, португал, тай, қытай, испан және парсы сияқты бірнеше тілдерде жылдам тарап кеткен.

Түпнұсқада не бейнеленген?

AFP фактчекерлері зерттей келе, бұл кадрдың 14 маусымда Хьюстонда өткен Германия мен Кюрасао құрамалары арасындағы топтық кезеңдегі матчқа тиесілі екенін анықтады. Бұл ойында немістер әлем чемпионатына алғаш рет жолдама алған Кюрасао командасын 7:1 есебімен ойсырата жеңген болатын.

АҚШ-тағы турнирдің ресми хабар таратушысы – FOX Sports арнасының YouTube желісіндегі ресми видеожазбасын тексеру барысында суреттің фотошоппен өңделгені белгілі болды. Түпнұсқа видеода Гитлерге ұқсатылған адамның орнында мүлдем басқа, аққұба шашты және сақалы бар қарапайым жанкүйер отыр. Ол қолына Германия туын ұстап, футболшы Кай Хаверцтің үзіліс алдында соққан пенальтиіне қуанып жатқан сәті түсіп қалған, — деп жазды басылым.

Скрин: AFP жазбасынан

Сатиралық әзіл ме, әлде арандатушылық па?

Басылымның мәліметінше, бұл өзгертілген суретті алғашқылардың бірі болып жариялаған бірнеше аккаунттар негізінен мемдер мен әзіл-оспақ бағытындағы парақшалар. Яғни, олар бұл фейк фотоны сатиралық әзіл ретінде таратқан болуы мүмкін.

Дегенмен, редакция Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ұлтшылдыққа қатысты қауіп-қатер мен тарихи жарақат неміс жанкүйерлерінің халықаралық турнирлерде  ұлттық мақтанышын тым ашық көрсетуіне әлі күнге дейін белгілі бір деңгейде кедергі болып келетінін атап өтті. Сондықтан мұндай мазмұндағы «әзілдер» қоғамда өте өткір қабылдануы мүмкін.

Сообщение Әлем чемпионатындағы Гитлердің фотосы — фейк появились сначала на NoFake.

Ипотека рәсімдеу барысында қосымша табыс ескерілмейді – фейк
Әлеуметтік желіде ипотека рәсімдеу барысында қосымша табыс ескерілмейді деген ақпарат тарады. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен ҚР Ұлттық банкі аталған ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Facebook әлеуметтік желісіндегі топтардың бірінде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап несие алушыларға табысын растауға қойылатын жаңа талаптар күшіне енетіні туралы пост жарияланды. Аталған жазба оқырмандар арасында қызу талқыланып, дүрбелең туғызған.

Скриншот: Nofake.kz

Сондай-ақ, онда осы уақытқа дейін банктер клиенттің тек ресми жалақысын ғана емес, сонымен қатар қосымша төлем қабілеттілігін, яғни қосымша табысын ескергені жазылған. Постта мұндай қосымша табысқа: шотқа тұрақты түсетін қаражат, ақша айналымы, қосымша жұмыстан түсетін табыс және басқа да бейресми кірістер туралы айтылады. Одан бөлек жазбада: «Алайда енді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі табысты растаудың мұндай тәсілдерін пайдалануға тікелей тыйым салды» деген сөйлемді көруге болады.

Коллаж: Nofake.kz

Nofake.kz «Агенттік азаматтарға расымен ипотека рәсімдеу барысында қосымша табысты ескеруге тыйым салды ма?» деген сауалды ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жолдап көрді. Агенттік постта қате кеткенін, ондағы мәлімет шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«2026 жылғы 1 шілдеден бастап несие алушылардың төлем қабілеттілігін бағалау бөлігінде ешқандай қатаңдату шаралары жоспарланбаған. Бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық Банкінің 2025 жылғы 25 тамыздағы №52 «Макропруденциялық нормативтер мен лимиттерді, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін белгілеу туралы» қаулысымен несие алушының борыштық жүктеме коэффициенті (ҚЖК) және несие алушының қарыздың табысқа қатынасы коэффициенті (ҚТҚК) макропруденциялық нормативтер ретінде бекітілген», — деп түсіндірді агенттік мамандары.

Аталған мәліметті, ҚР Ұлттық банкі де растады.

«Біз қосымша табыс көздеріне қатысты ешқандай жаңа талап қойған жоқпыз. Ұлттық банк тек 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қарыздың табысқа қатынасы коэффициентін (ҚТҚК) енгізуді ұсынып отырмыз. Ал 1 шілдеден бастап Ұлттық Банк ешқандай жаңа талап енгізбейді. Қарыздық жүктеме коэффициентіне (ҚЖК) келетін болсақ, ол бұрыннан қолданыста бар. Оның мөлшері – 0,5. Яғни, бұл талапқа сәйкес несие алушының барлық несиелері бойынша ай сайынғы төлемдері оның табысының жартысынан аспауы тиіс», — деп түсіндірді Ұлттық банк өкілдері.

Сарапшылар не дейді?

Экономист Айбар Олжай Қазақстанда ипотека рәсімдеу барысында қосымша табыс ескерілетінін жеткізді. Ондағы басты талап – қосымша табыс тек ресми түрде болуы шарт.

«Азаматтар екі, үш жерде ресми жұмыс істесе, ол ипотека алған жағдайда әрине ескеріледі. Ал, әлдекім сіздің картаңызға ақша аударса, ол сіздің қарызыңыз ба, әлде қосымша табыс па немесе сізге біреу материалдық көмек берді ме – ол банктерге беймәлім болады ғой? Яғни, картадағы қосымша табыстан бөлек, ақша аударымдары ескерілмейді. Бірақ картаға келетін ақшаны ИП ретінде тіркеп, салығын төлеп, ресми түрде табыс ретінде тіркесеңіз, онда ескеріледі», — деді маман.

Сонымен, желіде тараған посттағы ақпарат – жалған. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Nofake.kz редакциясының зерттеуінен соң аталған посттың алғашқы дереккөзі анықталып, ондағы материал өшірілгенін мәлімдеді.

Түйін

Қорыта айтқанда, әлеуметтік желіде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап ипотека рәсімдеу кезінде қосымша табыс ескерілмейді деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мен Ұлттық банк бұл мәліметті ресми түрде жоққа шығарды.

Қазіргі уақытта несие алушылардың төлем қабілеттілігін бағалауға қатысты жаңа талаптар енгізілмейді, ал қосымша табыс бұрынғыдай ресми түрде расталған жағдайда ескеріледі. Яғни, бірнеше жерде ресми жұмыс істейтін азаматтардың немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, табысын заңды түрде көрсететін тұлғалардың кірісі ипотека рәсімдеу кезінде есепке алынады.

Осылайша, желіде тараған «1 шілдеден бастап банктер қосымша табысты есепке алмайды» деген ақпарат – фейк.

Сообщение Ипотека рәсімдеу барысында қосымша табыс ескерілмейді – фейк появились сначала на NoFake.

Министрлік үй маңында көлік қоюға тыйым салынады деген ақпаратты жоққа шығарды
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тұрғын үйлердің маңында автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Nofake.kz.

Айта кетейік, бірқатар БАҚ пен әлеуметтік желілерде 2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда тұрғын үйлердің маңында автокөліктерді қоюға тыйым салынады деген ақпарат таралып жатыр.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталған ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

«ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығында тұрғын үйлердің жанында автокөліктерді қоюға жаңа тыйым салу көзделмеген. Құжат бойынша негізгі мақсат – нормативтік құқықтық базаны ҚР Құрылыс кодексіне сәйкестендіру және елді мекендерді абаттандыру саласындағы қолданыстағы нормаларды қайта бекіту», — делінген хабарламада.

Ведомство қолданыстағы ережелер бұған дейін де ҚР Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы №235 бұйрығымен бекітілген Қалалар мен елді мекендер аумақтарын абаттандырудың үлгілік қағидаларында (Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрі міндетін атқарушының 2024 жылғы 14 маусымдағы №219 бұйрығымен енгізілген редакцияда) қолданылып келгенін мәлімдеді.

«Атап айтқанда, жаңа қағидаларда азаматтарға тұрғын үйлердің жанындағы арнайы қарастырылған автотұрақ орындарына көлік қоюға тыйым салатын нормалар жоқ. Өзгерістер тек нақтылау мақсатында енгізілді», — делінген хабарламада.

Бұл ретте, министрлік қағидалардың 32-тармағында жеке тұрғын үйлерге іргелес аумақта жинап, сақтап қоюға рұқсат берілмейтін жылжымалы мүліктің тізбесі нақтылатынын жеткізді.

«Бұрын «өзге де жылжымалы заттар» деген жалпы тұжырым қолданылса, жаңа редакцияда оларға автокөлік құралдары, тіркемелер мен арбалар да жататыны нақты көрсетілген. Бұл ретте сөз автокөлік құралдарын пайдалануға немесе белгіленген орындарда қоюға тыйым салу туралы емес, ортақ пайдаланудағы іргелес аумақта мүлікті ұзақ уақыт сақтауға және үйіп қоюға жол бермеу туралы болып отыр», — деп түсіндірілген министрлік хабарламасында.

Сондай-ақ, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі аталған қағидалар жол қозғалысын ұйымдастыру, автотұрақтар мен тұрақ орындарын реттеу және көлік құралдарын пайдалану мәселелерін қамтымайтынын атап өтті.

«Сондықтан жарияланымдарда айтылған автокөліктерді қоюға жаңа шектеулер енгізіледі деген тұжырымдар құжаттың мазмұнына сәйкес келмейді», — делінген хабарламада.

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және нормативтік құқықтық актілерге қатысты шындыққа жанаспайтын түсіндірмелерді таратпауға шақырады.

Сообщение Министрлік үй маңында көлік қоюға тыйым салынады деген ақпаратты жоққа шығарды появились сначала на NoFake.